Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастығы ауылдағы волонтерлерді қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысқаны үшін марапаттады

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастығы ауылдағы волонтерлерді қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысқаны үшін марапаттады

07.10.2020 1307 0

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастығы ауылдағы волонтерлерді қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысқаны үшін марапаттады. Тұрғымбаев учаскелік полиция пунктінде ауыл әкімдерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылында болып, аудан әкімі Бақытбек Оспанбеков, ауылдық округ әкімі Талғат Мұқышев және “Родина” Агрофирмасы” ЖШС-ның директоры Иван Сауэрмен кездесті.

Ол өз сөзінде Ақмола облысындағы Родина ауылы кездесу орны ретінде кездейсоқ таңдалмағанын атап өтті. Е.Тұрғымбаев Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жергілікті полиция қызметіне “жұртқа жақын полиция” қағидасы бойынша тұтастай реформа жүргізуге баса назар аударғанына тоқталды.

Осы реформаны іске асыруда құқық бұзушлықтың алдын алудағы негізгі буын саналатын учаскелік инспекторлардың қызметін жетілдіруге баса мән беріледі. Министр кездесу барысында жергілікті атқарушы органдардың басшыларына және белгілі кәсіпкерге құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Олардың қолдауы мен көмегінің арқасында округ аумағында жыл басынан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

“Сіздердің арқаларыңызда учаскелік инспектордың жұмыс жасауына барлық жағдай жасалды. Қызметтік тұрғын үймен қамтылып, қазір ол отбасымен тұрып жатыр. Арнайы қызметтік автокөлікпен қамтылды. Ең бастысы – учаскелік полиция пунктіне арнайы ғимарат бөлініп, оған ауыл бойынша орнатылған 145 бейнекамера орталықтандырылды”, – деді ведомство басшысы.

Министр бұл сапарында №33 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшылығы және мұғалімдерімен, сондай-ақ учаскелік инспекторға ауылда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге көмектесіп жүрген еріктілермен кездесті.

Ол еріктілерге қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысып, ішкі істер органдарына көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын жеткізді. Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша мектептің қоғамдық өміріне белсенді араласқандары үшін бірқатар оқушылар ІІМ Алғыс хаттармен марапатталды.

Белсенді азаматтық позициясы және ішкі істер органдарына көрсеткен көмегі үшін Министр “Родина” Агрофирмасы” ЖШС-ның директоры Иван Сауэрді ведомствалық «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттады. “Сіздердің осындай оң тәжірибелеріңізді біз әрбір әкімнің назарына жеткізіп, солардың көмегімен бүкіл елімізге енгізетін боламыз”, – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/106093?lang=kk 

Соңғы жаңалықтар
24.12.2024 73 0
Мейірімділік жеткіліксіз болған кезде: ТМД-дағы волонтерліктің трансформациясы
Толығырақ
24.12.2024 70 0
Орталық Азиядағы өзгерістердің кілті – волонтерлік!
Толығырақ
19.12.2024 4223 0
Жыл волонтері ұсынады!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена