Мемлекет басшысы өз сөзінде қайырымдылық пен
волонтерліктің пандемия кезінде жалпыұлттық сипат алғанын атап өтіп, оның
әлеуметтік нормаға айналғанын және халықтың дұрыс қабылдағанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев осындай қиын-қыстау кезде сырт қалмай, отандастарына көмек
қолын созған, мейірімділік, ізгілік танытқан әр азаматқа ризашылық білдірді.
– Асар деген ата дәстүрімізді сақтап келе жатқанымыз
қуантады. Пандемия кезінде де еріктілер аянбай еңбек етіп, ерен ерліктің
үлгісін көрсетті. Олар күндіз-түні дәрігерлермен және тәртіп сақшыларымен
бірлесіп, індетпен күресті. Қайырымды жандар ортақ іске жан-жақты қолдау
білдірді. Елбасының бастамасымен
құрылған «Біз біргеміз» қорының жұмысын ерекше атап өткім келеді. Бұл игі
бастамаға мыңнан астам азамат қаржылай үлес қосты. Біз осындай ұйымшылдықтың
және жауапкершіліктің арқасында ахуалды тұрақтандыра алдық. Мұның бәрі –
елдіктің және береке-бірліктің жарқын көрінісі, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлік қызметті дамыту,
қайырымдылық пен меценаттыққа қолдау көрсету мемлекетіміздің ұзақ мерзімді
басымдығы деп санайды. Волонтерлік іспен айналысу – патриотизмнің жарқын
көріністерінің бірі. Мемлекет басшысы жариялаған Волонтер жылы азаматтарымыздың
көпшілігін қайырымды іс қозғалысы төңірегіне топтастырды. Қазақстандықтардың
ұсынысы бойынша жасалған көптеген қайырымдылық және волонтерлік жобалар – соның
дәлелі.
– Қайырымдылыққа тікелей және жанама түрде атсалысатын
адамдардың саны тұрақты артып келе жатқанын көріп отырмыз. Қызметкерлердің
волонтерлік жұмысын еңбек кітапшасына міндетті түрде тіркеу туралы шешім
қабылданды. Бұдан бөлек волонтерлікпен айналысқан жастарға университетке,
колледжге түсу кезінде бірқатар басымдық беріледі. Қазіргі таңда бұл жақсы
нәтиже деп есептеймін. Баршаңыздың бұған елеулі үлес қосқандарыңыз сөзсіз, –
деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы еріктілердің, қайырымдылық қорлардың
пандемияға қарсы күрес кезінде үлкен рөл атқарғанын ескере отырып, БҰҰ Бас
Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында Волонтерлерді жұмылдырудың
халықаралық күнін жариялау туралы ұсынған бастамасы қолдау тауып, жүзеге
асатынына сенім білдірді. Оның пікірінше, Қазақстан волонтерлік пен
қайырымдылықты дамыту ісінде озық халықаралық үрдістерден қалып қоймайды.
Волонтер жылы осы бағытқа тың серпін берді.
– Волонтерлік қызмет осы жылмен тоқтап қалмайды, алдағы
уақытта да жалғаса береді. Өйткені волонтерлік қызмет мемлекеттің алдына қойып
отырған мақсаттарымен үндесетін болғандықтан, бұл – рухты көтеретін, халықтың
мұң-мұқтажын бөлісетін қозғалыс, – деді Президент.
Қазіргі уақытта Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша
түсінікті әрі тиімді құқықтық механизмдерді қамтитын Қайырымдылық туралы заң
әзірленуде.
– Қайырымдылық және волонтерлік ұйымдар өздерінің еңбек
етуіне, соның ішінде мемлекетпен және бизнеспен бірлесе жұмыс істеуіне қажетті
жағдай жасайтын заң жүзінде шынайы мәртебеге ие болуы тиіс. Үкіметке бұл
мәселені пысықтау тапсырылды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, инфрақұрылымды
пайдаланудың, ақпараттық қолдау кезінде жеңілдіктер берудің нақты тетіктерін
әзірлеудің мәні зор. Сонымен қатар салықтық жеңілдіктер мәселесі де маңызды, –
деді Президент.
Бүгінде қайырымдылық жобаларға бағытталған ірі бизнес
табысын 3% және шағын және орта бизнес табысын 4% көлемде салықтан босату
заңнамалық тұрғыда қарастырылған. Бірақ шағын және орта бизнес бұл
жеңілдіктерді пайдаланбай отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жағдайға талдау
жасап, осы бағытта тиісті жұмыс жүргізуге тапсырма берді. Бизнестің
қайырымдылыққа қаржы аударуы ыңғайлы әрі
тиімді болуға тиіс.
– Қайырымдылық қорларға қаржы түсуінің және оның әрі
қарай жұмсалуының ашық болуын қамтамасыз
ету қажет. Бұл бағытта күңгірттікке жол бермеу керек. Қазір қайырымдылық
жасайтын азаматтар мен көмек алушылардың реестрін құру бастамасы іске асырылуда.
Бұл міндеттің барынша нақты орындалуына мүмкіндік жасаған жөн. Қайырымдылық
жобалар арқылы өтетін барлық қаржының жұмсалуына ақпараттық және қоғамдық
бақылауды қамтамасыз ету қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Президент жеке қайырымдылықтың барлық түрі дамуы керек
деп санайды. Әр адамның бастама көтеріп, өз қаржысын қайырымдылық мақсатқа бөле
алатын жүйе құрылуға тиіс.
– Өкінішке қарай, тиісті ақпараттық жұмыстар талапқа сай
жолға қойылмаған, адамға сенім ұялататын тетіктер жасалмаған. Кейде бұқаралық
ақпарат құралдарынан азаматтарымыз кімге және қалай көмектесуге болатынын
білмейді деген ақпаратты естіп қаламыз. Ал егер азаматтарымыз мұндай жұмыспен
айналысатын болса, олардың қайырымдылық қаржысы қай мақсатқа пайдаланылатынын
нақты білу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Онлайн форматта өткен кездесуде «Birgemiz» қоғамдық
қорының басқарма төрағасы, «Қазақстандық «Уақып» қоры» корпоративтік
қайырымдылық қорының президенті Руслан Сақиев, "Kaspi.kz"
компаниясының басшысы Михаил Ломтадзе, «BTS Digital» ЖШС-нің басшысы Нұртай Әбілғалиев,
«Дара» жеке қорының атқарушы директоры Айнұр Аймұрзина, «Мен алматылықпын»
қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Константин Авершин, Қазақстан халқы
Ассамблеясының мүшесі, волонтер Наргизам Махмудова сөз сөйледі.
Олар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, қайырымдылық
саласын дамытуға ынталандыру, қайырымдылық қызметтің ашықтығын, волонтерлердің
рөлін арттыру және волонтерлікті дамыту мәселелеріне байланысты ойларын ортаға
салды.
Мемлекет басшысы Үкімет жанындағы Қайырымдылықты дамыту
мәселелері жөніндегі кеңесте айтылған барлық мәселені, бастамаларды пысықтауға,
сондай-ақ, Қазақстан заңнамасына тиісті өзгерістер енгізуді кешіктірмеуге
тапсырма берді.
Кездесу соңында бірқатар азамат пандемия кезіндегі
қажырлы еңбегі үшін «Халық Алғысы» медалімен марапатталды.
Дереккөз:
http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/akorda_other_events/kazakstan-prezidenti-kaiyrymdylyk-volonterlik-uiymdardyn-zhane-biznes-sektordyn-okilderimen-onlain-formatta-kezdesu-otkizdi
Орталық Фронт-офис қызметіне қатысты, Волонтер жылы туралы, жалпыұлттық жобалар туралы немесе волонтерлікке байланысты кез келген басқа мәселелер туралы сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша консультация бере алады. Қоңырау шалу, WhatsApp, Telegram мессенджерлерінде қолжетімді
оказание волонтерской помощи в подготовке к ЕНТ, обучению английскому языку, компьютерной и правовой грамотности страшеклассников средних школ в сельской местности
участие в проекте более 1000 волонтеров из числа преподавателей, студентов и др. Охват обучением не менее 1000 учащихся средних школ сельской местности в каждом регионе
Акмолинская, Алматинская, Актюбинская, Атырауская, Восточно-Казахстанская, Жамбылская, Западно-Казахстанская, Карагандинская, Кызылординская, Костанайская, Мангистауская, Павлодарская, Северо-Казахстанская, Туркестанская области
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров в сферу охраны здоровья, оказанию помощи в уходе за больными, в том числе в хосписах, онкологических диспансерах и др.
открытие 3 центров поддержки волонтеров в сфере охраны здоровья в городах Алматы, Кызылорда, и Петропавловск. Участие в проекте не менее 1000 волонтеров. Выделение не менее 68 грантов для реализации волонтерских идей в сфере здравоохранения
г. Алматы, Кызылординская и Северо-Казахстанская области
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.внедрение практики наставничества волонтерами в отношении детей, находящихся в детских домах, и молодежи, детей, оказавшихся в трудной жизненной ситуации в центрах социального обслуживания системы социальной защиты населения.
создание 3 центров поддержки волонтеров в сфере наставничества в городах Нур-Султан, Шымкент, Атырау. Внедрение практики наставничества, подготовка не менее 50 персональных наставников из числа авторитетных и уважаемых граждан (волонтеров). Привлечение 1000 обученных граждан и волонтеров. Выделение и реализация не менее 68 малых грантов
города Нур-Султан, Шымкент и Атырауская область.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.защита окружающей среды, очистке рек и лесов, посадке деревьев, обучению сортировке мусора.
создание 3 центров поддержки волонтеров в сфере защиты окружающей среды, очистке рек и лесов, посадке деревьев, обучению сортировке мусора в городах.Талдыкурган, Уральск, Костанай. Вовлечение граждан в волонтерскую деятельность в сфере защиты окружающей среды и экологической безопасности, очистке рек и лесов, посадке деревьев, обучению сортировке мусора. 1000 привлеченных волонтеров. Выделение не менее 68 малых грантов.
Алматинская, Западно-Казахстанская, Костанайская области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров по сохранению объектов историко-культурного наследия.
создание 3 центров поддержки волонтеров для привлечения волонтеров к проектам по сохранению объектов историко-культурного наследия в городах Тараз, Караганда, Туркестан. Расширение участия граждан в реализации проектов по сохранению и развитию культурно-исторического наследия, восстановления и сохранения памятников истории, культуры и мемориальных комплексов. Привлечение 1000 граждан и волонтеров к реализации проекта. Выделение не менее 68 малых грантов.
Жамбылская, Карагандинская, Туркестанская области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров в дома престарелых, центры социального обслуживания системы социальной защиты населения.
создание 3 центров поддержки волонтеров в городах Алматы, Актау, Павлодар. 1000 волонтеров окажут помощь организациям социального обслуживания системы социальной защиты населения. Выделение не менее 68 грантов для реализации волонтерских идей в социальной сфере. Выпуск сборника лучших практик волонтерской деятельности в сфере социальной защиты населения.
г. Алматы, Мангистауская и Павлодарская области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров к проектам по поиску пропавших людей, снижению рисков бедствий и ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, в том числе по поиску документов, повествующих о подвигах наших соотечественников в Великой Отечественной войне.
создание 3 центров поддержки волонтеров в сферах ЧС, работы по поиску пропавших людей, в городах Кокшетау, Актобе, Усть-Каменогорск. Расширение участия граждан и волонтерских организаций в поисковых мероприятиях, в том числе документов, повествующих о подвигах наших соотечественников в Великой Отечественной войне, защите населения от чрезвычайных ситуаций. Привлечение 1000 привлеченных волонтеров к реализации проекта. Выделение не менее 68 малых грантов.
Акмолинская, Актюбинская, Восточно-Казахстанской области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.