Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Шетелдегі волонтерлік Мемлекеттік емес гранттық қаржыландырудың алғашқы ізашарлары

Мемлекеттік емес гранттық қаржыландырудың алғашқы ізашарлары

10.08.2020 1727 0

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі - Орталық) мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларын іске асыру үшін донорлық қаражатты іздеу және тарту арқылы қаржыландыруды әртараптандыру және азаматтық бастамаларды қолдау мақсатында Орталықтың әлеуметтік жобалар тізіліміне өзекті әлеуметтік жобаларды жинау бойынша жұмыс жүргізуде.

Коронавирустық инфекция пандемиясы нәтижесінде орын алған жаһандық дағдарысқа қарамастан Орталық тізілімдегі әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін әлеуетті донорларды іздеу мүмкіндіктерін кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Осылайша, Қазақстандағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) материалдық-техникалық қамтамасыз ету түрінде грант ұсыну үшін Орталықтың әлеуметтік жобалар тізілімінен келесі 2 әлеуметтік жобаны таңдады:

  • «Мүгедек жасөспірімдерді дамытуға арналған креативті идеялар орталығы», «Общество Неунывающих Инвалидов» қоғамдық бірлестігінің «ЕРЕКШЕ ТАҢДАУ – ШЕЛЕК» корпоративтік қоры;
  • «Онкологиялық және онкологиялық емес аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын балалардың аналарын әлеуметтендіру», «Адамдардың елеулі жетістіктері» - Global Success of People» қоғамдық қоры.

«Мүгедек жасөспірімдерді дамытуға арналған креативті идеялар орталығы» жобасы аясында «Общество Неунывающих Инвалидов» қоғамдық бірлестігінің «ЕРЕКШЕ ТАҢДАУ – ШЕЛЕК» корпоративтік қоры 9 ай ішінде жаңа идеялар мен стандартты емес шешімдерді іздеу арқылы Креативті идеялар орталығында, Алматы қ., мүгедектігі бар
20 жасөспірім үшін білім беру курстарын өткізу, тәлімгерлердің жетекшілігімен қатысушылардың практикалық жұмыстарын жүргізу арқылы креативтілік пен табысқа жету үшін қажетті дағдыларды дамыту (soft and hard skills), білім алу, өзін-өзі оқыту және дағдылармен алмасу мақсатында қатысушылар үшін креативті кеңістік - орта мен жағдай жасау арқылы шығармашылық әлеуетті ашу, идеяларды эксперименттеу және генерациялауды жоспарлауда.

«Адамдардың елеулі жетістіктері» - Global Success of People» қоғамдық қорының «Онкологиялық және онкологиялық емес аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын балалардың аналарын әлеуметтендіру» атты жобасы Алматы облысы, Қырғауылды кентінде 3 ай мерзімінде әлеуметтендіру және табыс табу үшін қосымша мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында онкологиялық және онкологиялық емес аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын балалардың 50-ден кем емес әйелге ұлттық бұйымдарды тігу курстарын өткізуді, сондай-ақ қатысушылармен уәждемелік кездесулер ұйымдастыруды көздейді.

Осыған байланысты, қоғам игілігі үшін тиімді серіктестікке ден қойған жағдайда, барлық мүдделі тараптарды еліміздің азаматтық секторын ілгерілету үшін ресурстарымызды жұмылдыру бойынша ынтымақтастыққа шақырамыз.

Соңғы жаңалықтар
26.04.2024 735 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 2741 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
17.04.2024 1263 0
Аймақтардағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету туралы хабармен бөліскіміз келеді!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена