Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Елордалық волонтерлер COVID-19-ға қарсы вакцина алды

Елордалық волонтерлер COVID-19-ға қарсы вакцина алды

23.06.2021 649 0

Қалалық волонтерлер штабының волонтерлері жақында Abu Dhabi Plaza ОСО-дағы COVID-19-ға қарсы екпе пунктіне барып, вакцина алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Вакцинаны елорданың әр түрлі ұйымдарының өкілдері – қалалық волонтерлер штабының волонтерлері алды. Олардың көбісі әлеуметтік қызметпен үнемі айналысатын 18-29 жас аралығындағы жастар. Оның ішінде азық-түлік себеттерін тасымалдау, жағдайы төмен адамдарға атаулы көмек көрсету, экологиялық акциялар өткізу, "Біргеміз Қазақстан" жобаларына қатысу, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, көп балалы аналарға, жалғыз басты қарттарға көмек көрсететін жастар.

"Қалалық волонтерлік ұйымдар қатысушыларының көпшілігі коронавирусқа қарсы вакцина алды. Бірінші кезекте волонтерлер вакцинацияны қажет етеді, өйткені олар халықпен үнемі байланыста болады. Бүгінде елордада жалпы алғанда 60 мыңнан астам адам волонтерлік қызметпен айналысады, бұл қала жастарының үштен бірі – қоғамдық қорлар, бастамашыл топтар, заңгерлер, педагогтар, іздеушілер, жануарларды қорғаушылар және т.б. Біз сұрастыра келе олардың көбі вакцинацияланғанын анықтадық. Біз барлық әріптестерімізді вакцинацияға шақырғымыз келеді. Біз вакцинаны әлі алмаған волонтерлерге үлгі болып, бұл бірінші кезекте олардың қауіпсіздігі, өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын қорғау үшін қажет екенін көрсеткіміз келеді", — деді қалалық волонтерлер штабының жетекшісі Шыңғыс Тілеулин.

Волонтерлер, халықты вакцинациялау - пандемияны еңсерудің және өмірдің індетке дейінгі қалпына оралудың бірден-бір пәрменді тәсілі екеніне сенімді. Оның үстіне, КВИ қарсы екпе алу арқылы тек өзін ғана емес, айналасындағы адамдарды қауіпсіздендіру болып табылады, деп санайды олар.

"Мен қалалық штабтың волонтерімін, жалғызбасты аналарға, қарттарға, сондай-ақ, жетім балаларға жиі барамын. Бүгін мен өзімді және айналамдағы адамдарды қорғау үшін вакцина алдым", - деп атап өтті волонтер Аделя Бекарыстанова.


Дереккөз: https://astana.gov.kz/kz/news/news/27825 

Соңғы жаңалықтар
27.12.2024 80 0
Қазақстандағы волонтерлік қызметке шолу: сіз білуіңіз керек барлық нәрсе!
Толығырақ
25.12.2024 250 0
Құрметті волонтерлер!
Толығырақ
24.12.2024 360 0
Мейірімділік жеткіліксіз болған кезде: ТМД-дағы волонтерліктің трансформациясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена