Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Елордада волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған гранттар байқауы өтеді

Елордада волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған гранттар байқауы өтеді

24.06.2021 1057 0


Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы 14-29 жас аралығындағы белсенді жастар арасында волонтерлық бастамаларды қолдауға арналған шағын гранттар байқауын өткізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өтінімдерді қабылдау осы жылдың 2 шілдесіне дейін жүргізіледі.

Байқау аясында волонтерлық бастамаларын жүзеге асырғысы келетін 20 жас анықталады. Оларға 300 мың теңге көлемінде шағын грант беріледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласының 14-29 жас аралығындағы волонтерлық бастамаларды қолға алып жүрген белсенді жастарды анықтау.

Жобалар қаланың экологиялық, экономикалық әлеуметтік мәселесін шешуге арналған, сондай-ақ инновация, ғылым, спорт т.б. бағыттар бойынша қабылданатын болады.

Дереккөз: https://astana.gov.kz/ru/news/news/27851 

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3191 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 2937 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2477 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена