Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Елорда тұрғындары ТЖД волонтерлері қатарына қосылды

Елорда тұрғындары ТЖД волонтерлері қатарына қосылды

08.08.2020 1117 0

Ерікті көмекшілер өз жалақысын Жұмыспен қамту орталығы арқылы алады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. Қалалық ТЖД қатарына жаңадан еріктілер мен көмекшілер қабылданды. Қазір елорда тұрғындары, студенттер мен мектеп оқушылары төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірге кезекшілік атқаруда. Олар қоғамдық тәртіп пен қаланың су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

«Қазіргі уақытта олар ТЖД және полиция қызметкерлерімен бірге шомылуға тыйым салынған жерлерде кезекшілік атқарып, сол жерде профилактикалық жұмыстар жүргізеді және азаматтарға судағы қауіпсіздік пен санитария нормаларын сақтау керегін ескертеді. Жағажай маусымы аяқталғаннан кейін біз тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жасаймыз», - дейді Нұр-Сұлтан төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері подполковник Эльдор Райымбеков.

Оның айтуынша, ТЖД-ға еріктілер қатарынан барлығы 60 адам қажет. «Қазіргі уақытта біз 30 студент пен мектеп оқушыларын жұмысқа қабылдадық, олардың ішінде 18 жастан асқаны - 13 адам. Жалақыны жұмыспен қамту орталығы төлейді. Біз тапсырыс береміз, кезекшілік кестесін жасаймыз, есеп табель толтырамыз. Әр ай сайын жұмыспен қамту орталығына табель ұсынамыз, жалақы есептеледі», - деп түсіндірді Э.Райымбеков. Ерікті болғысы келетіндер жұмыспен қамту орталығына хабарласып, ТДЖ-да әңгімелесуден өтуі керек. Студенттер мен оқушылар 28 тамызға дейін, қалғандары 31 желтоқсанға дейін жұмыс істейді.

Дерек көз: http://astana.gov.kz/kz/news/news/23985 

 

Соңғы жаңалықтар
08.12.2025 104 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Толығырақ
06.12.2025 103 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Толығырақ
05.12.2025 153 0
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена