Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Корпоративтік волонтерлік тиімділік: қайырымдылық және волонтерлік бастамаларға қатысудың бизнес үшін қандай пайдасы бар

Корпоративтік волонтерлік тиімділік: қайырымдылық және волонтерлік бастамаларға қатысудың бизнес үшін қандай пайдасы бар

27.09.2024 1301 0

Соңғы жылдары корпоративтік волонтерлік көптеген үлкен-кіші компаниялардың стратегияларының ажырамас бөлігіне айналды. Қызметкерлердің қайырымдылық және волонтерлік бастамаларына қатысуы қызметкерлердің өздері үшін де, жалпы бизнес үшін де айтарлықтай пайда әкеледі.

Корпоративті волонтерліктің нақты тиімділігін көру үшін осы жолы біздер Жаңаөзен қаласының белсендісі, қоғамдық қор қалаушысы Сәбит Қаржаубайұлымен сұхбаттасатын боламыз.

«Мен үшін корпоративтік волонтерлік – бұл компания қызметкерлерінің ерікті түрде қоғамға пайда әкелуі. Ол қызметкерлер арасындағы ынтымақтастықты күшейтеді және компанияның қоғам алдындағы жауапкершілігін көрсетеді».

Жаңаөзен қаласында өзінің ұйымы қызметі аясында корпоративті волонтерлермен жұмысты ұйымдастыру барысында Сәбит компания қызметкерлері үшін тартымды және қала үшін өзекті салалардағы мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды өткізеді.

 

«Мен өзім жұмыс жасайтын “ӨзенМұнайСервис” ЖШС-мен,  жастар ұйымымен, ауыл жасөспірімдерімен жұмыс істеймін. Тазалық күндері, спорттық іс-шаралар сияқты волонтерлік жобаларды ұйымдастырдым. Бұл жобалар қызметкерлерге бір-бірімен жақын араласуға, қоғам үшін маңызды іс жасап жатқаның сезінуге, жаңа дағдыларды үйренуге және қоғамға пайда әкелуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осындай іс-шараларға қатысатын қызметкерлердің жұмысқа деген ынталары артатының атап өткен маңызды».

Осындай волонтерлік және қайырымдылық шараларына көбінесе қандай қызметкерлер бірінші болып ат салысатыны біз үшін қызықты болды.

«Жас мамандар волонтерлік жобаларға белсенді қатысады. Бұл оларға тәжірибе жинауға және кәсіби даму мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектеседі, өз ұйымдарындағы басқа қызметкерлермен танысуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күннің жастары үшін тиімді нэтворкинг пен жаңа білім алу мүмкіндіктері, өздерін маңызды сезіну сұранысқа ие».

Сәбит өз жұмысында корпоративті волонтерлердің қатысуымен өткізілген іс-шаралардың тиімділігін әртүрлі әдістермен өлшеп-көруге ұмтылады. Оның ішінде, ол қатысушылардың саның белгілеу, жобаның нәтижелері және қызметкерлердің кері байланысы арқылы бағалауға болатының атап өтті.

 

Алдағы уақытта корпоративті волонтерлердің қай салаларға қатысу – қала өміріне жағымды өзгерістер алып кететіні туралы Сәбит біраз ойларымен бөлісті.

«Жергілікті компаниялар мен ұйымдар бірігіп, экологиялық және әлеуметтік жобаларға қатысса, аймақта корпоративтік волонтерліктің дамуы қарқынды болар еді деп ойлаймын».

Корпоративтік волонтерліктің тиімділігін бағаламау мүмкін емес. Қайырымдылық және волонтерлік бастамаларға қатысу қоғамға ғана емес, нарықтағы позициясын нығайтады, қызметкерлердің адалдығын арттырады және кәсіби дағдыларын жақсартады. Волонтерлік арқылы бизнес пен қоғамның өзара әрекеті ортақ мақсаттарға жетудің және тұрақты болашақты құрудың тиімді құралына айналады деп айтуға болады.

Авторы: Александра Крашинина

@alexandra.krashinina

Соңғы жаңалықтар
09.10.2024 277 0
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына онлайн дауыс берудің бірінші кезеңінің нәтижелері жарияланды
Толығырақ
07.10.2024 308 0
Игі істер марафоны 2024» аясында 7 қазан - 15 қазан аралығында Жануарларды қорғауға арналған мейірім апталығы басталғанын хабарлаймыз!
Толығырақ
03.10.2024 477 0
Астанада АӨСШК волонтерлерінің слеты басталды!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена