Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар EcoZhas – оқушыларға арналған заманауи экологиялық білім беру

EcoZhas – оқушыларға арналған заманауи экологиялық білім беру

18.02.2022 1714 0

Қазақстандық оқушыларға арналған EcoZhas жобасы «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ мен «Шеврон» компаниясымен серіктестікте іске қосылды. Жоба ақпан айының басында 4 қала - Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Қарағанды және Теміртау қалаларындағы мектептерде бастау алды.

Жоба жаңа экологиялық мәдениетті, табиғатқа саналы түрде, әрі ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған. Мақсатты аудитория үш деңгейге бөлінген - 5-6 сынып, 7-8 сынып және 9-10 сынып оқушылары.

Оқушылардың кіші топтары үшін «жасыл» тақырыпта шопперлер мен футболкаларға арнайы логотиптер байқауы, сондай-ақ, қазақ және орыс тілдерінде табиғатты аялау тақырыбында ертегілер жазу байқауын өткізу жоспарланды.  

7-8 сыныптар қайталама шикізаттан өз қолдарымен үстел ойындарын жасау байқауына қатысады, Tik-tok немесе Instagram reels үшін вирустық бейнелер түсіреді.

9-10 сынып оқушылары өз мектептерінде экокеңестер құрады, олар жаңа экологиялық әдеттерді қалыптастыру және "жасыл мектеп" тұжырымдамасына көшу бойынша ұсынымдар дайындаумен айналысады. Бұл жастағы топ үшін басты жарыс педагогтердің басшылығымен экологиялық тақырып бойынша ғылыми жобалар байқауы болмақ. Үздік жобаны әзірлеушілер ақшалай сыйлыққа ие болады.

EcoZhas жобасының барлық қатысушылары өздерінің жас топтары аясында әлеуметтік желілерді қолдана отырып, жеке экологиялық челлендждерін іске қосады. Сондай-ақ, барлығына қалдықтарды өңдеу тақырыбы бойынша интерактивті элементтері бар шеберлік сағаттар өтеді. Сонымен қатар, жоба аясында педагогтар мен волонтерлерге арналған тренингтер мен шеберлік сағаттар өткізу қарастырылған.

EcoZhas жобасының қорытындысы бойынша аналитикалық баяндама әзірлеу және жобаны Қазақстанның барлық мектептеріне енгізу мүмкіндігін пысықтау жоспарлануда.

Жоба барысы, байқаулар мен челлендждер туралы барлық жаңалықтарды әлеуметтік желілердегі ҰВЖ парақшаларынан көруге болады: Instagram - @kz_news, Facebook - @kzvolontery Ұлттық волонтерлер желісі.

Соңғы жаңалықтар
29.06.2026 1985 0
Волонтерлік жобаларды әлеуметтік желілерде қалай жариялау керек
Толығырақ
25.06.2026 2718 0
Матвей Швединнің игі істердің күші мен пікірлес жандар командасы туралы ойы
Толығырақ
24.06.2026 2024 0
Гүлмира Жумасаева: «Табылған әрбір адам – бір отбасының қайта қауышқан бақыты»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена