Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Достар, керемет жаңалықпен бөлісеміз!

Достар, керемет жаңалықпен бөлісеміз!

14.04.2025 1325 0

Достар, керемет жаңалықпен бөлісеміз!

ТМД волонтерлер форумы құрылатын болды!

Алматыда өткен ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова ТМД волонтерлер форумын құру туралы ұсынысты таныстырды.

Бұл идеяны ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы қазанда ТМД Мемлекет басшылары кеңесінде ұсынған болатын. Енді бұл бастама ТМД елдерінің Жастар істері жөніндегі кеңесі тарапынан ресми түрде мақұлданды.

Форум жыл сайын өтетін болады — бұл волонтерлер үшін тәжірибе алмасатын, жаңа жобалар мен достық қатынастар орнататын үлкен алаң. Іс-шараны ТМД елдері кезекпен ұйымдастырады.

Қазақстан мұндай шараларды өткізуде тәжірибелі ел. 2023 жылы Астанада өткен Халықаралық волонтерлер форумы, сондай-ақ СВМДА волонтерлер слеті — бұған дәлел!

Ең қуаныштысы — Қазақстан 2026 жылы алғашқы ТМД волонтерлер форумын өткізуге дайын! Бұл бастама ресми түрде қолдау тапты!

Алда — үлкен мүмкіндіктер, жаңа деңгей және халықаралық серіктестік. Волонтерлер, тарихтың бір бөлігі болуға дайын болайық! ❤️

@qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
21.09.2026 2007 0
Күзгі игі істер аптасы басталуда!
Толығырақ
17.09.2026 1748 0
Волонтерлік бойынша тренерлерге арналған оқыту курсы аяқталды!
Толығырақ
10.09.2026 147 0
Пластик қалдықтарынан — жануарлар панасына қажетті бұйымдар: волонтер Айсұлу Жамашованың жобасы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына ие болды
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена