Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Достар, керемет жаңалықпен бөлісеміз!

Достар, керемет жаңалықпен бөлісеміз!

14.04.2025 953 0

Достар, керемет жаңалықпен бөлісеміз!

ТМД волонтерлер форумы құрылатын болды!

Алматыда өткен ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова ТМД волонтерлер форумын құру туралы ұсынысты таныстырды.

Бұл идеяны ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы қазанда ТМД Мемлекет басшылары кеңесінде ұсынған болатын. Енді бұл бастама ТМД елдерінің Жастар істері жөніндегі кеңесі тарапынан ресми түрде мақұлданды.

Форум жыл сайын өтетін болады — бұл волонтерлер үшін тәжірибе алмасатын, жаңа жобалар мен достық қатынастар орнататын үлкен алаң. Іс-шараны ТМД елдері кезекпен ұйымдастырады.

Қазақстан мұндай шараларды өткізуде тәжірибелі ел. 2023 жылы Астанада өткен Халықаралық волонтерлер форумы, сондай-ақ СВМДА волонтерлер слеті — бұған дәлел!

Ең қуаныштысы — Қазақстан 2026 жылы алғашқы ТМД волонтерлер форумын өткізуге дайын! Бұл бастама ресми түрде қолдау тапты!

Алда — үлкен мүмкіндіктер, жаңа деңгей және халықаралық серіктестік. Волонтерлер, тарихтың бір бөлігі болуға дайын болайық! ❤️

@qazvolunteer.kz

Last news
07.01.2026 177 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттық Ұйымы 2026 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп жариялады»
Read more
08.12.2025 292 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Read more
06.12.2025 307 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена