Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Жасотандықтардың игі істері жалғасты

Жасотандықтардың игі істері жалғасты

30.06.2021 494 0

Жасотандықтар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "30 игі іс" республикалық акциясына белсенді қатысуда. Өткен аптаның соңында, жаздың ортасында олар қоршаған ортаны қорғау бойынша бұқаралық республикалық экологиялық акция ұйымдастырды.

Елордада басталған акция еліміздің облыстық, аудандық орталықтарында да өтті. Оның қатысушылары көшелерді, арықтарды, қоқыс тастайтын жерлерді тазалауға көмектесті. Барлығы әлеуметтік қашықтықты және медициналық бетперде кию тәртібін қатаң сақтады.

Мысалы, Jas Otan ЖҚ Ақмола облыстық филиалы Көкшетау қаласының Орталық саябағында акция ұйымдастырды, ал Алматы жастары қаланың жасыл желектеріне күтім жасап, қорғауға қатысты.

Jas Otan ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев атап өткендей, әрбір экологиялық акция тәрбиелік сипатқа ие. Ол қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті оятады және экологияны қорғаудың өзекті мәселелеріне назар аударады.

"Экологиялық акция өзінің тікелей міндетінен басқа тағы бір маңызды функцияны орындайды. Бұл адамдардың жоғары азаматтық ұстанымы, "Бұл – менің қалам. Мен оны таза және жасыл қалаға айналдырамын!" идеясымен үйлеседі. Бұл іске көптеген жастар келіп, қаламызды көркейтуге өз үлестерін қосатыны мені қатты қуантады. Өйткені "30 игі іс" акциясы адамдар мен қоғамға арналған нақты іс-шараларға, жақсылық жасайтын акцияларға негізделген", - деді Нұржан Жетпісбаев.

Өз кезегінде, Biz Birgemiz қозғалысының волонтері Руслан Бахтияров әрбір акция қаланы көркейтуге және волонтерлер қозғалысына өз үлесін қосуға үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Мен мұндай акцияға бірінші рет қатысып отырған жоқпын. Мамыр айында біз Екінші дүниежүзілік соғыс батырларының құрметіне ашылған саябақтарды, аулалар мен ескерткіштерді тазарттық. Бүгін біз елорданың шалғай аудандары мен көшелерін тазаладық. Осы мүмкіндікті пайдаланып, жастарды табиғатқа күтіммен қарауға шақырамын", - деді ол.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "30 игі іс" акциясы аясындағы іс-шаралар келесі тақырыптар бойынша жалғасады: шілде – Baqytty otbasy, тамыз – Damý, қыркүйек – Bіlіm, қазан – Ómir syıla, қараша – Sana, желтоқсан – Egemendіlіk.

Дереккөз: https://egemen.kz/article/280059-zhasotandyqtardynh-igi-isteri-dgalghasty 

Соңғы жаңалықтар
02.05.2024 404 0
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!
Толығырақ
26.04.2024 1218 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 3078 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена