Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда еріктілерге жеті жоба бойынша 400-ден астам грант бөлінеді.

Қазақстанда еріктілерге жеті жоба бойынша 400-ден астам грант бөлінеді.

28.11.2019 3669 0

Қазақстанда еріктілерге жеті жоба бойынша 400-ден астам грант бөлінеді.

Еліміздің барлық өңірлерінде "Біргеміз" жалпы тұжырымдамасының негізінде, жеті жалпыұлттық жоба шеңберінде Волонтерлік қызметті қолдау орталықтары құрылады. Олар бойынша шағын гранттар бөлу қарастырылады. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі мәлімдеді.

Дәурен Абаевтың айтуынша, Қазақстанда Волотерлер жылы аясында "Біргеміз" атты жалпы атаумен 7 жалпыұлттық жоба жүзеге асырылады.


"Мысалы, "Білім" жобасы. Мұнда жобалық тәсіл болады - ауылдық мектептердің жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша волонтерлік көмек ұйымдастырылады. "Сабақтастық" жобасы бойынша оқушылар балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне қамқорлық жасайды. Сондай – ақ, денсаулық бойынша - "Саулық" жобасы, қоршаған ортаны қорғауға қатысты - "Таза әлем" жобасы, "Асыл мұра" - бұл волонтерлерді материалдық, рухани-мәдени, тарихи мұраны сақтауға тарту. "Қамқор" - қарттар үйлеріндегі жұмыс," Үміт" - хабар-ошарсыз кеткендерді іздеуге волонтерлерді тартуға бағытталған", - деп түсіндірді Абаев.

Министрдің мәліметінше, аталған барлық жобалар бойынша 300 мың теңгеге дейін шағын гранттар бөлу қарастырылған.

"Гранттар нақты жергілікті міндеттерді шешуге бағытталады. Мысалы, біз оларға үй-жайды жалға алуға және т. б. көмектесеміз. Мұндай шағын гранттар 420 болады. Корпоративтік волонтерлікті одан әрі дамыту үшін бизнес-секторды белсенді тарту жоспарлануда. Бүкіл әлемде бұл феномен мейнстримге айналды, біздің елімізде волонтерліктің мұндай түрі әлі де танымал емес", - деді ол.

Соңғы жаңалықтар
30.05.2025 179 0
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні!
Толығырақ
29.05.2025 597 0
ВОЛОНТЕРЛІК - ҚОҒАМ ІЗГІЛІГІ
Толығырақ
28.05.2025 3321 0
Корпоративтік волонтерлердің қатысуымен Атырау облыстық балалар ауруханасында «Bala space» коворкинг аймағы ашылды!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена