Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі күні

Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі күні

14.10.2020 1318 0

Аудан аумағында тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі күні аясында 2020-2021 кезеңінде өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша халықтың мәдениетін арттыруға бағытталған кең ауқымды акция өткізілді.

            Аталған акцияға азаматтық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың, халықты әлеуметтік қорғау, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, жастар ресурстық орталығы және №6 Агротехникалық колледжінің студенттері қатарынан еріктілер қатысты.

            Аталмыш акцияның мақсаты - тұрғын үй секторын аралау арқылы тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды түсіндіру болып табылады. Халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударылды. Оларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жаднамалар таратылды және улы газды анықтау құрылғысы орнатылды. Өткізілген акцияда азаматтардың жалпы қамтылуы 3 500-ге жуық азаматты құрады.

            Осындай мезгілде кейбір азаматтардың пешпен жылыту кезінде өз үйі мен жақындарының өміріне қауіп төндіріп өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамайтыны қауіп төндіреді. Өрт немесе улы газбен улану «адам факторының» салдары, атап айтқанда адамдардың білместігінен, абайсыздығынан болатынын тәжірибе көрсетуде.  

            Сонымен қатар, халықтың назарын ірі аумақты шарпып орын алатын өрт оқиғаларының басым бөлігінде, өрт жайында хабарламаның кеш түсуі болып табылады. Сондықтан өрт орын алған жағдайда дереу өртке қарсы қызметіне хабарлап, содан соң өртті сөндіру және адамдарды қауіпсіз жерге көшіру бойынша шараларды қабылдау қажет. Осы қарапайым ережелерді орындау сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызды, жақындарыңызды қорғауға мүмкіндік беретінін естеріңізге саламыз – дейді Астрахан ауданы жастар ресурстық орталығының ақпараты.

Соңғы жаңалықтар
05.06.2025 72 0
Шымкентте волонтерлерге арналған жазғы мектеп ұйымдастырылды
Толығырақ
04.06.2025 85 0
Эковолонтерлік, төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлік және зооволонтерлік бағытындағы үздік тәжірибелер жинағына қосылыңыз!
Толығырақ
02.06.2025 119 0
Павлодарлық волонтерлер өз жұмыстары туралы бейнероликтер түсіреді
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена