Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Жақсылыққа сену үшін оны жасауды бастау керек!

Жақсылыққа сену үшін оны жасауды бастау керек!

22.12.2020 1027 0

Жыл сайын еріктілердің қызметі біздің елдегі сияқты өзге елдрерде де танымал бола бастады. Волонтерлардың өз - өздерін жүзеге асыра алатындай 7 бағыты бар. Олар: Bilim, Asyl Mura, Qamqor, Saýlyq, Úmit, Taza Àlem. Біз үшін Волонтер - бұл қоғамдық пайдалы іспен ақысыз айналысатын, оның орнына ештеңе талап етпейтін жандар.

Қазақстандағы еріктілер жылының аясында Сандықтау ауданындағы еріктілер қозғалысының дамуына жаңа серпін берді. Қаңтар айында ауданның 14 округі арасында «Игі істер» марафоны жүзеге асырылды. Алғашқы эстафетаны Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Гүлнар Ерғалиқызының  қатысуымен Сандықтау ауылдық округі қабылдады. Ағымдағы жылдың бастапқы айында «Көмек» атты еріктілер клубы құрылып, оның төрағасы аудандық мәслихат депутаты Белуха Александр Александрович тағайындалды. Клуб құрамына 100 волонтер кірді. Аталмыш клубта еріктілер қозғалысына арналған идеялар, акциялар сияқты еріктілерді дамыту жолында оқыту жүзеге асырылды.

Ағымдағы жылдың қыс мезгілінде Сандықтау ауданының еріктілері қарт адамдардың тұрғын үй учаскелерінде көмек көрсетіп, ауланы қардан тазартып, отын және су әкелуге жәрдемдесті.

Демеушілік көрсеткен асыл жандар, аудан ұйымдары еріктілермен бірлесіп, 500-ге жуық азық-түлік себеттерін жалғыз басты зейнеткерлерге, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеткізді. Сандықтау ауданының демеушілері, Рамазан айының басталуына орай, мұқтаж жандарға 1 млн. 605 мың теңге қаражат сомасына 214 қап ұн таратты.

Бүкіл әлем және бүкіл еліміз коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты қиын кезеңді бастан кешіріп жатқанда, Сандықтау ауданының еріктілері азық-түлік жеткізуге көмектесіп, күн сайын баға мониторингі бойынша жұмыс істеді. Әрбір еріктіге өз учаскелері бекітілді. Олар үйден шығуға мүмкіндігі жоқ адамдарға тамақ жеткізуді ұйымдастырды.

Қоғамдық орындарда еріктілер арнайы дайындалған жадынамалар таратып, аудандық аурухананың СӨС дәрігерімен бірлесіп коронавирустың таралуына жол бермеу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жыл соңында «Еріктілер форумы» өтіп, Сандықтау ауданының құрметті орынға ие болған еріктілері сыйлықтармен марапатталды. Осылайша, еріктілер қозғалысы әлемдегі және біздің еліміздегі маңызды әлеуметтік бағыттардың бірі болып табылады. Волонтерлік ұйымдарға материалдық қолдау көрсету, сондай-ақ, олардың қатысушыларын барынша көтермелеу және марапаттау қажет. Себебі, әрбір ерікті қоршаған әлемге тигізер пайдасы мен маңызы бар.

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар
27.12.2024 57 0
Қазақстандағы волонтерлік қызметке шолу: сіз білуіңіз керек барлық нәрсе!
Толығырақ
25.12.2024 238 0
Құрметті волонтерлер!
Толығырақ
24.12.2024 341 0
Мейірімділік жеткіліксіз болған кезде: ТМД-дағы волонтерліктің трансформациясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена