Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Брифинг. Карантин кезіндегі волонтерлік қызмет

Брифинг. Карантин кезіндегі волонтерлік қызмет

22.07.2020 1636 0


Волонтерлер — бұл көрінбейтін майдан жауынгерлері, пандемия кезінде дәрігерлер, әскери және полицейлермен қатар адамдарға ақысыз көмек көрсетті.

Волонтерлерді Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында онлайн-баспасөз конференциясына қатысқан Ұлттық волонтерлік желісінің төрағасы Вера Ким осылай сипаттады.

Анықтама: Ұлттық волонтерлік желісі 2010 жылы құрылған. 36 қаланың 80-нен астам волонтерлік ұйымдары мен бастамашыл топтарынан тұрады.

В.Кимнің ақпаратына қарағанда, пандемияның басынан бастап азық-түлік жиынтығына, дәрі-дәрмектерге және басқа да адамдардың қажеттіліктеріне мұқтаждығын анықтау үшін жедел желі ашылды. ТЖ режимі кезінде волонтерлер азық-түлік жиынтығын түсірумен, өлшеп-ораумен және тасымалдаумен айналысты, бұл ретте барлық жұмыс жеке қорғану құралдарын пайдаланумен ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, волонтерлер медициналық мекемелердің қызметкерлеріне белсенді көмек көрсетіп, олардың балаларына ыстық тамақ беріп, олардың негізгі қызметіне толық ену үшін жағдай жасады. «Біздің волонтерларымыздың күшімен ірі республикалық медициналық мекемелерде дер кезінде операция жасау үшін науқасты жеткізу ұйымдастырылды. Операция жүргізілгеннен кейін аталған пациенттер блокпостқа жеткізілді»,- деп толықтырды В.Ким.

Тұрғындар тарапынан көмек туралы айта келе, еріктілер бірлестігінің жетекшісі В.Ким отандық шағын және орта бизнеске "MAGNUM" супермаркеттер желісінің өкілдеріне алғыс білдірді. Сонымен қатар, ол халыққа көмек көрсету үшін демеушілер ғана емес, сонымен қатар волонтерлерді жүргізіп жатқан жұмыстарға қолдау көрсеткен түрлі қайырымдылық қорларының атына алғыс білдірді.

Еліміздің оңтүстігіндегі фермерлер арасында пандемиядан зардап шеккен елді мекендерге көкөніс пен жеміс-жидектер жіберілгендерге жеке алғыс айтылды.


Вера Ким - «Национальная волонтерская сеть» ЗТБ төрағасы;

Тохтар Болысов - «Конгресс молодежи Казахстана» ЗТБ атқарушы директоры;   

Динара Садвакасова -  Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрағасы;   

Дерек көз: https://24.kz/ru/tv-projects/brifing/item/411014-brifing-volontjorskaya-deyatelnost-v-period-karantina 

https://ortcom.kz/kk/novosti/eriktiler-bul-korinbejtin-majdan-zhauyngerleri-pandemiya-kezinde-darigerler-askeri-zhane-policejlermen-qatar-adamdarga-aqysyz-komek-korsetti

Соңғы жаңалықтар
08.12.2025 104 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Толығырақ
06.12.2025 103 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Толығырақ
05.12.2025 153 0
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена