Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар 400-ден астам цифрлық волонтерлер азаматтарға жаңалықтарды игеруге көмектеседі-Анар Жайылғанова

400-ден астам цифрлық волонтерлер азаматтарға жаңалықтарды игеруге көмектеседі-Анар Жайылғанова

27.11.2020 1406 0

400-ден астам цифрлық волонтерлер азаматтарға жаңалықтарды игеруге көмектеседі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Қазақстанның Азаматтық форумы аясында қоғамдық бірлестіктермен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Мемлекет басшысы азаматтық қоғамның мемлекет саясатын жүзеге асыруға белсенді қатысуы қажеттігін үнемі айтып келеді. Мемлекеттік қызметтің жалпы міндеті халыққа қызмет көрсету болып табылады, ал қызмет көрсету сапасын олардың тұтынушысы ретінде халықтың сұранысына қарай арттыру мемлекеттік қызметшінің этикалық мінез-құлқының негізгі постулаттарының бірі болып айқындалған. Бүгінде үкіметтік емес ұйымдар халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингтеудің белсенді қатысушыларына айналды.

Қызмет көрсету сапасын жақсарту, Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында Агенттіктің бастамасымен барлық өңірлерде мемлекеттік қызметшілер мен қоғамдық ұйымдардың мүшелерінен тұратын ведомствоаралық жұмыс топтары құрылып, жұмыс істеуде", - деді А.Жайылғанова.

Агенттік Төрағасы азаматтық қоғамның қатысуымен халықты цифрлық сауаттылыққа оқытуды ұйымдастыру арқылы "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша шаралар қабылданып жатқанын хабарлады. 400-ден астам цифрлық волонтерлер азаматтарға автоматтандыру аясында жүзеге асырылған қызметтерді көрсету үдерісіндегі жаңалықтарды игеруге көмектеседі.

Волонтерлердің арқасында көрсетілетін қызметті алушылар ЭЦҚ-ны онлайн-ресімдеудің, сондай-ақ оны ұзартудың, ХҚО-ға бару кезегін броньдаудың, "eGovKZbot 2.0" телеграмм-бот және "электрондық үкіметтің"мобильді қосымшасы сияқты сервистерді пайдалана отырып, анықтамалық-ақпараттық қызметтерді алудың жаңа дағдыларын игере алады. А.Жайылғанованың айтуынша, Агенттік "мемлекеттік қызметтер туралы" Заңға сәйкес жыл сайын мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізеді. Ағымдағы жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі 9000-нан астам респондентті қамти отырып, 70 әлеуметтік маңызы бар қызмет бойынша жүргізіледі, оның нәтижелері осы жылдың желтоқсан айында күтіледі.

Дереккөз: https://www.inform.kz/ru/bolee-400-cifrovyh-volonterov-pomogayut-grazhdanam-osvaivat-novovvedeniya-anar-zhailganova_a3723563 

Соңғы жаңалықтар
08.12.2025 110 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Толығырақ
06.12.2025 108 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Толығырақ
05.12.2025 157 0
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена