Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар "Birgemiz" республикалық волонтерлер фронт-офисі ұйымдастырған аймақтық фронт-офис өкілдеріне арналған 2 күндік семинардың қорытындысы

"Birgemiz" республикалық волонтерлер фронт-офисі ұйымдастырған аймақтық фронт-офис өкілдеріне арналған 2 күндік семинардың қорытындысы

16.07.2021 1274 0

14-15 шілде күндері Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен "Birgemiz" республикалық волонтерлер фронт-офисі аймақтық фронт-офис өкілдері үшін 2 күндік семинар өткізді.

"Birgemiz" республикалық волонтерлер фронт-офисі – бұл консультациялық, әдістемелік, оқыту, ақпараттық орталық, оның функциясы – бүкіл республика бойынша волонтерлік жобаларды үйлестіру болып табылады.

2 күндік семинарға 14 облыс пен Республикалық маңызы бар 3 қаладан 34 аймақтық фронт-офис өкілдері қатысты.

Семинарда келесі тақырыптар бойынша оқыту, түсіндіру жұмыстары жүргізілді:

1. "Волонтерлікке кіріспе" (волонтерлік дегеніміз не?)

2. "Волонтерлік белсенділік" (волонтерлікті кім және қалай іске асырады?)

3. "Волонтерлердің республикалық фронт-офисінің жұмыс стандарттары"

4. "Волонтерлікті дамытудың 2021 – 2023 жылдарға арналған жол картасы

"Волонтер жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде "Birgemiz" республикалық волонтерлер фронт-офисі құрылды. Фронт-офистердің тиімді қызметінің арқасында мемлекеттік органдар мен волонтерлер арасында алтын көпір құрылды.

Волонтерлікті қолдау бір жылмен ғана шектелмеді.

Президенттің тапсырмасына сәйкес Волонтерлікті қолдаудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы қабылданды. Бұл бағытта бірқатар нақты қадамдар жүзеге асырылуда.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясында біздің Президент Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау туралы бастама көтерді.

Бұл идеяны аяғына дейін жеткізу мақсатында халықаралық әріптестермен бірлескен жұмыс жүргізілуде.

Алдағы уақытта барлық фронт-офистердің бірлескен жұмысының нәтижесінде оң көрсеткіштерге қол жеткізетінімізге сенімдімін", - деп атап өтті ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Дүйсенбайұлы Қожахмет. 




Соңғы жаңалықтар
29.06.2026 1977 0
Волонтерлік жобаларды әлеуметтік желілерде қалай жариялау керек
Толығырақ
25.06.2026 2705 0
Матвей Швединнің игі істердің күші мен пікірлес жандар командасы туралы ойы
Толығырақ
24.06.2026 2010 0
Гүлмира Жумасаева: «Табылған әрбір адам – бір отбасының қайта қауышқан бақыты»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена