Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Birgemiz: Asyl Mura '2021 волонтерлерді қабылдай бастады

Birgemiz: Asyl Mura '2021 волонтерлерді қабылдай бастады

09.08.2021 932 0

Ата-бабалардың мәдениеті мен мұрасын құрметтеу, тарихқа бойлау, археология романтикасы... Бұлар сізге қатысты ма?

Арнайы тарихи-мәдени мұраны жаңғырту және сақтау тақырыбы маңызды волонтерлер, белсенділер, бастамашыл топтар және волонтерлік ұйымдар үшін, сондай-ақ, осы бағытқа жақын барлық адамдар үшін!

Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі "Birgemiz: Asyl Mura" жалпыұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Ұлттық волонтерлік желі Қазақстанның әрбір өңірінде және Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында қоғамдық топтарды қабылдаудың басталғанын жариялайды.

Біздің қызметіміз неғұрлым жемісті болуы үшін біз тарих, археология және тарихи-мәдени мұра объектілерін қалпына келтіру мәселелерінде волонтерлер мен кәсіби мамандардың күшін біріктіреміз!

Барлық қоғамдық топтар мыналарға ие болады:

- Кәсіби мамандардан "Этно-волонтерлік", "Археология", "Реставрация және қайта құру", "Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени әлеуеті", "Тарихи-мәдени мұра объектілеріндегі жұмыс" тақырыптарында тегін оқыту;

- "Қаржыландыру іздеу", "Әлеуметтік құрылыс", "Жобаларды жүргізу" және т.б. тақырыптарда мамандар мен жаттықтырушылардан тегін оқыту;

- Тарихи-мәдени мұраны жаңғырту және сақтау жөніндегі жобаларды жасау бойынша жеке және топтық кеңес беру;

- Волонтерлік саласындағы аймақтық фронт-офистерден әкімшілік және ақпараттық қолдау;

- Қоғамдық топтардың жобаларына волонтерлерді тарту бойынша көмек;

- Тарихи-мәдени мұраны сақтаумен айналысатын өңірлік волонтерлік ҮЕҰ-мен және қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастық жөніндегі ұсынымдар;

- Пікірлестер қауымдастығына қатысу;

– Топтың бірінші іс-шараны іске асырғаннан кейін – қоғамдық топтың жұмысы туралы Ұлттық волонтерлер желісінің сертификаты.

Сіздермен бірге біз:

- ұзақ мерзімді перспективада жұмыс істеу үшін одан әрі өзара іс-қимыл алгоритмдері мен тетіктерін анықтаймыз;

- тарихи-мәдени мұраны сақтауға қызығушылықты арттыру бойынша тиімді ақпараттық науқан әзірлейміз.

Сілтеме бойынша сауалнаманы толтырып https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfiwa5uT2yypbSCP2hoHl-G2BZCu0Qn71n_PUChQ9Mkv1mTpQ/viewform?usp=sf_link, тарихи-мәдени мұраны жаңғырту және сақтау жөніндегі жалпықазақстандық қозғалыстың бір бөлігі болыңыз. Бұл біздің қолымыздан келеді!

Барлық сұрақтар бойынша республикалық фронт-офисі волонтерлікті қолдау операторының жедел желісіне жүгінуге болады +7 708 706 4242 (Whats'app және қоңыраулар)



Соңғы жаңалықтар
02.05.2024 290 0
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!
Толығырақ
26.04.2024 1120 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 2990 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена