Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына көмек пен өзара көмек үшін алғыс білдірді

Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына көмек пен өзара көмек үшін алғыс білдірді

22.04.2020 1336 0

Алматы қаласының әкімі instagram-дағы ресми парақшасында  кәсіпкерлер мен қатардағы қалалықтарды,  қарапайым мұқтаж жандарға көрсеткен қолдаулары үшін алғысын  білдірді:

"Мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп жүрген кәсіпкерлер мен қарапайым қала тұрғындарына алғыс айтамын. «Жаңа Алатау» қорының арнайы есебіне 257 млн-нан астам демеушілік қаражат түсті. Бүгінде соның 136 млн. теңгесіне көмек көрсетілді. ҰОС және 1-3 топтағы мүгедектерге, аз қамтылған және көпбалалы, сондай-ақ жалғызбасты аналарға 12 мың азық-түлік жиынтығы жеткізілді. Арнайы мектептер, интернаттар мен балалар үйлеріне азық-түлік және залалсыздандыру құралдары берілді.

Алматыда санитарлық қауіпсіздікті сақтау бойынша арнайы дайындықтан өткен 100 ерікті жұмыс істейді. 16 наурыздан бастап шамамен 18 мың өтініш қаралды. Олар мұқтаждарға берілетін азық-түлік жиынтықтарын, дәрі-дәрмектер мен бірінші қажеттіліктегі заттарды өлшеп, орауға, оны жеткізуге көмектеседі. Сондай-ақ ақпараттық-кеңес беру бойынша да қолдау көрсетіледі.

Бізді алға жетелейтін үміт пен сенім. Қаламыздың қарапайым тұрғындары сол үміт отын жағып, қиындықты еңсеруге көмектесіп жүр. Бұл фильм қаламыздың еріктілеріне арналады."


Толығырақ: https://www.instagram.com/tv/B_RHMqjgq8y/?utm_source=ig_web_copy_link

Соңғы жаңалықтар
15.05.2026 1769 0
«Базалық оқыту курсы» волонтерлік бойынша тренерлерге арналған онлайн тренингке қатысуға арналған конкурс!
Толығырақ
12.05.2026 1222 0
2026 жылғы халықаралық мүмкіндіктер: БҰҰ-дағы тағылымдамалар мен бос жұмыс орындары және жаһандық бағдарламалар
Толығырақ
06.05.2026 1118 0
Корпоративтік волонтерлік – өмір салты: Мырзабек Ахметов игі істер туралы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена