Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Атырау облысында волонтерлер індетке қарсы күресте қолғабыс етуде

Атырау облысында волонтерлер індетке қарсы күресте қолғабыс етуде

01.09.2020 1346 0

Елді жайлаған қауіпті індет кезінде атыраулық волонтерлердің көмегі орасан зор болды, деп хабарлайды «Хабар 24». Провизорлық орталықтарда науқастарға оттегі балондарын тасып, көмек көрсеткен де осы волонтерлер. «Волонтер жылы» атыраулық жастардың бірлігі бекем екеніне дәлел болды. Пандемия кезінде дәрігерлермен қатар, волонтерлерге де салмақ түсті. Оттегі балондарын тасып, жәрдем көрсетті. Мұқтаж отбасыларға азық-түлік пен дәрі-дәрмекті де жеткізіп беріп отырды. Ілияс Үсенғалиев 2 жылдан бері волонтерлікпен айналысып келеді. Облыстағы эпидемиологиялық ахуал асқынған уақытта ол да аянып қалмады.

Ілияс Үсенғалиев, волонтер: – Пандемия барысында волонтерлердің арасында маска тігіп көмектескені болды. Тамақ тарату кезінде өзінің көлігімен шығып көмектескендері болды. Атырау жастарының, Атыраудың тұрғындарының бірге жұмыс жасай алатындығын, бірге екенін көрсетті. Волонтер болу адамның жасына не жынысына қарамайды. Ерікті түрде қызмет көрсетемін деген жан үшін қайырымдылық – жүрек қалауы. Биыл волонтерлерді қолдау мақсатында қолға алынған көптеген жобаның жүзеге асуына қауіпті індет қолбайлау болыпты.

Серік Қадыров, қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы: – Биыл пандемия жағдайында көптеген жобамыз өз жалғасын таба алмады. Дейтұрғанмен, біздің арнайы волонтерларымыз 10 мыңға жуық бетперде тігіп өз қолдарымен, оны қарттар үйіне, мұқтаж азаматтарға немесе тағы бір арнайы мекемелерге таратып, өз қолдауларын көрсетті. Мұнайлы өңірде қазір шамамен 3000-ға жуық волонтер бар. Облыс орталығында оларға арналып фронт-офис те ашылған. «Елдегі ахуал реттелсе, жоспарланған жобаларды жүзеге асырамыз», – дейді жауаптылар.


Авторлары: Асланбек Шығыр, Жандос Рахметуллин

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/419570-atyrau-oblysynda-volonterler-indetke-arsy-k-reste-ol-abys-etude 

 

Соңғы жаңалықтар
07.01.2026 80 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттық Ұйымы 2026 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп жариялады»
Толығырақ
08.12.2025 253 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Толығырақ
06.12.2025 255 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена