Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Атырауда алғы шептегі дәрігерлерге волонтерлер көмектесіп жүр

Атырауда алғы шептегі дәрігерлерге волонтерлер көмектесіп жүр

21.07.2020 1280 0

Мылтықсыз майданда дәрігерлермен бірге волонтерлер да аянбай қызмет етіп жатыр. Атырауда қауіпті індетке шалдығып, тыныс алуы қиындаған науқастарға оттегі баллонын тасып, тәуекелге бел буып жүргендер бар.

Облыстық аурухананың провизорлық станционарында науқастардың тыныс алуы үшін оттегі баллонын тасып жүрген волонтарлердің ісі ерлікпен пара-пар. 90 келілік баллонды ішке кіргізіп, қауіпті аймақта басын қатерге тігіп жүрген жанның бірі Талғат Тұрғанбаев. Ол 1 шілдеден бері осы жерде ерікті түрде қызмет атқарып жүр. Жұмысы үшін ақы да төленбейді. Тіпті үйіне де бармаған. Алғашында оның отбасы қарсылық білдірген екен. Бірақ ештеңеге қарамастан жәрдемдесуге келіпті. 

Талғат Тұрғанбаев, волонтер:  - Басында қиын болды, шынын айтқанда. Өзімізде де қорқыныш болды.

Қазіргі таңда адамдар жазылып келе жатыр. Шыққан адамдар бар. Қазір енді жақсы болды, басында күніне 80-100 баллондай кіргізетін болдық. Әр баллон 2 сағатқа жетеді бір кісінің ауасына. 2 сағат сайын каждый палатаның балондарын ауыстырамыз. 80 баллон кіргіземіз, 80 баллон шығарамыз бір күнде.  Басында бұл жерде 4 волонтер ғана жұмыс істеген. Қазір олардың қатары көбейіпті. Бірақ, көмекке келген волонтерлердің провизорлық стационарға кіруге жүректері дауаламайтын көрінеді. Қазір 90 келілік оттегі баллонын қыздар да тасып жүр. Әлі келмесе, домалатып жеткізеді. Олардың бар ойы – науқастардың жанын ажалдан арашалау. Жергілікті билік өкілдері облыстық ауруханадағы волонтерлермен кездескен. Қосымша көмек қолын созып, жағдайды ретке келтіреміз деп уәде етті. 

Махамбет Досмұхамбетов, облыс әкімі:  - Қазір кислородная линия тартылып жатыр. Бір аптаның ішінде осы жұмысты бітіріп, тағы 200 орын кислородная линия тартып, дайындап, оны іске қосамыз деп отырмыз. Кислородный баллонды айтып отырсыз ғой, ол әрине ауыр. Соған қосымша біз мына осы аурухана, басқа ауруханаларға кислородная станция қондыруды қарастырып жатырмыз. 

Волонтерлердің бар мәселесі – жұмыс күшінің жетіспеуі. Қауіпті аймақтағы 4 волонтерге демеушілер үй де жалдап берген екен. Олар өз үйлеріне бармай, уақытша баспанада жүр. Себебі отбасыларына қауіп төндіргілері келмейді. Кәсіпкерлер оларды ыстық тамақпен де қамтамасыз етіп отыр. Волонтерлердің айтуынша, қосымша көмек тезірек келсе, оттегі баллондарын кіргізіп шығару жұмыстары жеңілдер еді. 


Авторлар: Асланбек Шығыр, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин
Дерек көзhttps://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/410317-atyrauda-al-y-sheptegi-d-rigerlerge-volonterler-k-mektesip-zh-r 


Соңғы жаңалықтар
17.01.2026 152 0
«Жыл волонтеры ұсынады»: жеке тәжірибе
Толығырақ
07.01.2026 266 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттық Ұйымы 2026 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп жариялады»
Толығырақ
08.12.2025 338 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена