Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Ақтауда волонтерлер сенбілік өткізді

Ақтауда волонтерлер сенбілік өткізді

19.07.2021 1637 0

Түн ішінде 20 адамнан құралған топ 9 "А" шағын ауданындағы жағалау учаскесінде сенбілік өткізді. Команда таңертең қала тұрғындарын таң қалдыру үшін бірнеше сағат ішінде жұмысты тындыруға тырысты.

Іс-шараны ұйымдастырушы Ануар Шайхымовтың айтуынша, түнгі сағат 00:00-ден 04:00-ге дейін волонтерлер "I Love Aktau" инсталляциясын жылтыратып, қоршауларды, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, жарықтандыру тіректерін бояды, сондай-ақ, аумақты тазалады. Түнгі сенбілікке қатысушылар барлық материалдарды өз қаражатына сатып алды.

"Сенбілікті челленджге айналдыру ойымыз жоқ. Біздің міндетіміз қала үшін игі іс жасау, аумақты тазалау және қалаға пайда әкелу болды. Барлық қатысушыларға үлкен алғысымды білдіремін! Өмір мені осындай керемет адамдармен жақындастырғанын мақтан тұтамын!", - деді ол.

Сенбілікті Маңғыстау облысының AIGA грепплинг федерациясының президенті Роман Оразымбетовтың отбасы қолдады.

Ол жұбайымен және балаларымен бірге бір стақан шай немесе кофеге бір қап қоқыс айырбастап, акция ұйымдастырды. Осылайша, аумақ қоқыстардан тазартылып қалды.

Дереккөз: https://www.inaktau.kz/news/3157139/volontery-sdelali-podarok-zitelam-aktau    

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3191 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 2937 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2477 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена