Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Қарағандыда «Біз біргеміз» акциясы жалғасуда.

Қарағандыда «Біз біргеміз» акциясы жалғасуда.

03.04.2020 1411 0

Қарағандыда «Біз біргеміз» акциясы жалғасуда. Бұл жолы спортшылар қауымы белсенділік танытты. Алдымен ММА федерациясы ілкімді шараны бастап, эстафетаны «Пенчак силат» қауымдастығына берді.

Бұл күндері «Нұр Отан» партиясының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз» акциясы еліміздің әр аймағында жалғасын тауып жатыр. Әлбетте, Қарағандылықтарда игілікті істен қалыс қалған емес. Осыған дейін аталған акцияға кәсіпкерлер, әртүрлі саладағы белсенділер қолдау білдіріп келсе, енді бұл қатарға спортшыларда қосылды.

Қадиша ОСПАНОВ, «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

-1260 адамға көмектестік 15 млн теіге көлемінде қаржы бөлінді. Оған депуттаттар, партияластар, кәсіпкерлер қолдау жасаған болатын. Олар түрлі тағамдармен қатар дизинфекциялақ жабдықтар алуғада ықпал етті.

«Пенчак силат» Қазақстанда енді ғана еңсе тіктеп келе жатқан спорт қауымдастығы бола тұра, осындай ауқымды әрі қайырымды істен қалыс қалмауды жөн санапты. Осы шараға өздері ниет білідріп, қаржылық мәселесін қаумыдастық өз тарапынан бөліп отыр.

Медет АБЖАНОВ, «Пенчак силат» қауымдастығының вице-президенті:

-Осы үлкен шараны жүзеге асырып жатырмыз. Қазіргі қиын жағдайда біздің қарт аналармен аталарымызға көмек қолын беру керекпіз.Олар ескерусіз қалмау керек. Акцияны бастай отыра барша спортшыларды осы жобаны қолдауға шақырамын.  

Карантин кезінде егде жастағы жалғыз басты адамдарға азық түлік сатып алу және тамақ дайындау қиындық туғызары белгілі. Осыған орай спортшылар қауымы 49 адамды өз қамқорлықтарына алып, төтенше жағдай аяқталғанша бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ететін болады.

Ботабек МАРАТҰЛЫ

Дерек көз:https://kartv.kz/kz/news/society/biz-birgemiz-16

Соңғы жаңалықтар
14.04.2024 959 0
Өзіңіз үшін волонтерлік жобаны қалай таңдауға болады: көмектесудің тамаша мүмкіндігін табудың 10 қадамы
Толығырақ
11.04.2024 1076 0
Волонтерлерге рақмет!
Толығырақ
10.04.2024 397 0
Су тасқыны жағдайына байланысты Ұлттық волонтерлік желі заңгер волонтерлермен бірге апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена