Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Ақмола облысында "Ел тірегі – ЕЛБАСЫ" қайырымдылық акциясы жалғасуда

Ақмола облысында "Ел тірегі – ЕЛБАСЫ" қайырымдылық акциясы жалғасуда

07.07.2021 1002 0

Тәуелсіздіктің 30 жылдығында "Халық" қайырымдылық қоры "Ел тірегі – ЕЛБАСЫ" атты ауқымды акцияға бастамашылық етті. Халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік көмегін көрсету бойынша акцияның бірінші толқыны ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында біздің елімізде өтті.

Астана күні қарсаңында, 1 шілдеден бастап Ақмола облысында, еліміздің басқа аймақтарында да, қайырымдылық акцияларының екінші толқыны басталды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Акция облыстың барлық аудандары мен қалаларында белсенді өтуде. Акция үйлестірушілері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметкерлерімен, волонтерлермен бірге аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларға азық-түлік себеттерін үлестіруде.

"Халық" қайырымдылық қоры ұйымдастырған акция аясында Степногорск қаласы бойынша шартсыз ақшалай көмек алатын 38 аз қамтылған отбасы азық-түлік себеттерін алды. Себетке ең қажетті заттар кірді: күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпиттер – әр отбасына 50 келіден азық-түлік таратылды. Ұйымдастырушыларға осы акцияны өткізгені үшін алғыс айтқым келеді", - деді Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Алмат Тәжмағанбетов.

Өңірдегі қайырымдылық акциясы барысында халықтың әлеуметтік осал топтарына 1000 азық-түлік себеттері таратылды.

Дереккөз: https://kokshetau.asia/socialnews-mobile/67222-a-mola-oblysynda-el-tiregi-elbasy-ajyrymdyly-aktsiyasy-tude? utm_source=yxnews&utm_medium=desktop&utm_referrer=https%3A%2F%2Fyandex.kz%2Fnews%2Fsearch%3Ftext%3D  

Соңғы жаңалықтар
29.06.2026 1977 0
Волонтерлік жобаларды әлеуметтік желілерде қалай жариялау керек
Толығырақ
25.06.2026 2705 0
Матвей Швединнің игі істердің күші мен пікірлес жандар командасы туралы ойы
Толығырақ
24.06.2026 2010 0
Гүлмира Жумасаева: «Табылған әрбір адам – бір отбасының қайта қауышқан бақыты»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена