Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Алматылық волонтерлер 1,5 мыңнан астам отбасына көмек көрсетті

Алматылық волонтерлер 1,5 мыңнан астам отбасына көмек көрсетті

03.09.2020 1300 0

«Мектепке жол» акциясын жүзеге асыру үшін «Волонтерлер корпусы» жобасы аясында,  МК Jas Otan-ның  50-ден астам волонтерлері оқып, даярлықтан өтті.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Jas Otan жастар қанатының Алматы қалалық филиалының жетекшісі Мәди Ахметов мәлімдеді.

Алматыда партия мүшелері «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсетуде.  «Бір жарым мыңнан астам алматылық отбасыға планшеттер, кеңсе тауарлары бар рюкзактар, веб-камералар және тағы басқалар беріледі. Партия мүшелері  қайырымдылыққа бөлінген  ақшаның көп бөлігін оқушыларға компьютерлік техника сатып алуға жұмсады. Планшеттер, Ноутбуктер, веб-камералар. Алматылық жасотандықтар барлық сақтық шараларын сақтай отырып,  байланыссыз заттардың  жеткізілуін қамтамасыз етеді», – деп атап өтті М.Ахметов. 

Акцияны жүзеге асыру үшін «Волонтерлер корпусы» жобасы аясында,  МК Jas Otan-ның  50-ден астам еріктілері оқып, даярлықтан өтті. Сонымен қатар, Алматылық жасотандықтар қала әкімдігінің білім Басқармасымен бірлесіп, 15 қыркүйекке дейін мұқтаж отбасылардың балаларына планшеттер мен ноутбуктерді жеткізуге көмектесетін болады.

Дереккөз: https://inbusiness.kz/kz/last/almatylyk-eriktiler-1-5-mynnan-astam-otbasyna-komek-korsetti 

Соңғы жаңалықтар
19.08.2026 2134 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
17.08.2026 2598 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Толығырақ
29.07.2026 3283 0
Басқа елге волонтер ретінде барғысы келетіндерге арналған 5 кеңес
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена