Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Алматыдан жаяу шыққан ағайынды волонтерлер 46 күнде Семейге жетті

Алматыдан жаяу шыққан ағайынды волонтерлер 46 күнде Семейге жетті

30.07.2020 1250 0

Алматыдан Абай еліне жаяу жолға шыққан ағайынды Күшеевтер 1200 шақырымды артқа тастап, Семей өңіріне жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Волонтёрлер бұл межені 46 күн дегенде еңсерген. Дамир мен Дәулет Абай ауданына қарасты Қарауыл мен Жидебай шатқалында болып, бірқатар киелі орынды аралады. Дамир мен Даулет есімді азаматтар Алматыдан 12 маусым күні жаяу шыққан. Олар өз жорықтарын Абай Құнанбаевтың мерейтойы мен Волонтерлер жылына орайластырып отыр. Өскелең ұрпақтың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға арналған бұл саяхатын «Абай жолы» деп атаған.

Дамир Күшеев, волонтёр: – Бұл біздің бірінші жобамыз. Еш ойланбастан оны жүзеге асырдық. Кейбіреулері неге көлікпен, атпен, тым болмаса велосипедпен бармайсыңдар деп сұрап жатты. Себебі біз қазақтар туралы стереотиптерді бұзғымыз келді. Ол жалқау халық емес. Оны біз дәлелдедік. Мақсат қойдық, оған жеттік. Бастапқыда экспедиция құрамында төрт адам болған. Алайда оның екеуі ұзақ жолға шыдамаған. Ал мәреге жеткен ағайындылар Абай жерленген кесенеде болып, Ұлы ақын туған өлкенің керемет жерлерін аралады. 

Дамир Күшеев, волонтёр: – Ауа райы біраз қиындық туғызды. Шығыс Қазақстан облысында жауын көп жауды. Қатты жел, ыстық күндер де болды. Ал жолда көлікпен кетіп бара жатқандар тоқтап, жеткізіп салайық деп ұсыныстарын білдірді. Бірақ біз өз сөзімізде тұрдық. Саяхатшылар күніне 40 шақырым жүріп отырғандарын айтады. Себебі оның әрқайсысында салмағы 35 келі болатын сөмке болған. Ал Семей олардың ұзақ сапарларының соңғы нүктесі болды.Болашақта ағайындылар тағы да осы сынды жобаларды жүзеге асырмақ ниетте.

 

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Әсем Утешова, Медет Өмірханов

Дерек көз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/412482-almatydan-zhayau-shy-an-a-ajyndy-volonterler-46-k-nde-semejge-zhetti 

Соңғы жаңалықтар
17.01.2026 152 0
«Жыл волонтеры ұсынады»: жеке тәжірибе
Толығырақ
07.01.2026 266 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттық Ұйымы 2026 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп жариялады»
Толығырақ
08.12.2025 338 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена