Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Алматылық волонтерлер жалғызбасты қарттарға ыстық тамақ жеткізуде

Алматылық волонтерлер жалғызбасты қарттарға ыстық тамақ жеткізуде

01.04.2020 1817 0

Қатерлі індет екпін алған тұста еліміздің ауызбіршілігі ауадай қажет.


Алматыда «Біз біргеміз» іс-шарасы аясында қайырымды жандар қарттарға қолдау көрсетуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаладағы 90 жастан асқан жалғызбасты қарттар енді карантин уақыты аяқталғанша тегін тамақтанады.

Алматыда қамқорлыққа зәру 400-ден аса қария енді үйлерінен шықпай-ақ тегін тамақтанады. Оларға «Nur Otan» партиясы мен Номад ММА республикалық аралас жекпе-жек федерациясының өкілдері бірлесіп, карантин уақыты аяқталғанша ыстық тамақ жеткізіп береді.

  Гаджи Гаджиев, аралас жекпе-жек федерациясының президенті:
- Дәл қазір қарттарға көмек ауадай қажет. Өйткені далаға шығу былай тұрсын, бұл кісілерге тамақ дайындаудың өзі қиын. Сондықтан біз ақылдаса келе, күн сайын тегін тамақ жеткізіп беруді ұйғардық. Жұртқа жария жасамасақ та болатын еді. Дегенмен, осындай іс-шараларды іліп алып кететін қайырымды жандар көп болса деген тілегіміз бар.

Тағдырдың талай тауқыметін бастан өткерген қарттарға қазіргі індеттің етек алуы қауіп төндіріп тұр. «Бір уақыт серуендеп сыртқа шығатын едік, қазір төрт қабырғаға телміріп отырмыз. Бұл да бір сынақ шығар? Тәртіпке бағынуға тиіспіз», - дейді көпті көрген қариялар.

Оразгүл Мамисерова, қала тұрғыны:
- Барлығы да жақсы болсын! Ел-жұрт аман болсын. Барлығы да жақсы болсын әйтеуір.Барлығына рахмет. Бала-шағаның барлығына, сендерге де. Сендердің өмір жастарың ұзақ болып, істерің алға бассын. Барлығы жақсы болсын әйтеуір.

Қайырымды жандардың қамқорлығына риза болған қарттар осылай ағынан жарылып алғыстарын жеткізіп жатты. Бұл бір күндік шара емес. Ас мәзірі қаладағы үлкен мейрамханалардың бірінде дайындалады. Осы игі бастаманы жүзеге асыруға Алматы қаласының «Жас Отан» жастар қанатының 120-дан аса волонтері жұмылдырылған.

Мәди Ахметов, қалалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:
- Көмек көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол жерге гигиеналық заттарды, арнайы антисептиктерді, медициналық маскаларды тегін тарату жұмыстары біз алғашқы бөлімінде 1000 адамды қамтып үлгердік 5-6 күннің ішінде. Енді алдымызда тағы 6000 мың адамды қамту жоспарланып отыр. Осындай сын сағатында бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарсақ әлі-ақ қиындықтың бәрі артта қалары сөзсіз!

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Мұхит Құдықбаев

Соңғы жаңалықтар
02.05.2024 542 0
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!
Толығырақ
26.04.2024 1343 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 3182 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена