Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Алматыда 5 мың мұқтаж отбасы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етіледі

Алматыда 5 мың мұқтаж отбасы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етіледі

19.05.2020 1316 0

Акцияның мақсаты салмағы 51 килограмм болтын азық-түлік себетімен қала тұрғындарының мұқтаж адамдар санатын қамтамасыз ету. Бұл себеттерде қарақұмық, күріш, ұн, қант, тәттілер, бұқтырылған ет, қоюландырылған сүт, макарон, май, шай бар.

Тамақ өнімдерін тарату кезінде, көп балалы аналардың бірі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Күміс алқа» медалімен марапатталды. Ана алты баланы тәрбиелейді. «Қолдау үшін ризашылығымды білдіремін. Мұндай қиын уақытта Әкімшлілік және Nur Otan бізді қараусыз қалдырмады.Азық-түлікпен қамтамасыз етеді, бүгін міне медаль алдым. Өте қуаныштымын. Барлығына рахмет!» деп көп балалы ана Рысқұл Дәулет алғысын білдірді.



Акция қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасы және «Лига волонтеров Казахстана» Қоғамдық қорының Алматы филиалы қолдауымен «Халық» Қайырымдылық қорымен бірге өткізілді. Төтенше жағдай енгізілгеннен бастап тамақ өнімдері түріндегі әлеуметтік көмекпен 14 мың мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді.Әрбір себет 22 кг салмағы бар бірінші қажеттілік өнімдерінен тұрды.

 


Көптеген жеке кәсіпкерлер мен қарапайым адамдар алғашқы болып көмек көрсете бастады. Жеке кәсіпкерлер 800-ден аса ұн сөмкелерін және 15 мың кг көкөніс бөлді. Қалалық активтер басқармасы көмек пен қолдауға мұқтаж отбасыларға 1000 жұп аяқ-киім бөлді»,- деп Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының қайырымдылық және әлеуметтік жауапкершілік бөлімінің басшысы Рахилям Махирова айтты. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда «Халық» қоры аз қамтылған отбасыларға 20 мың азық-түлік жиынтығын берді.


Өз кезегінде, «Лига волонтеров Казахстана» Қоғамдық қорының Алматы филиалының төрағасы Багдат Анарбаева, мемлекетімізде Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап волонтерлер белсенді түрде жергілікті атқарушылық органдар мен қорларға көмек көрсетуде. «Біздің міндетіміз - бұл өнімдерді жинап, дайындап, кейін оларды адресаттарға байланыссыз жеткізу. Күн сайын 30-50 волонтерлер қатысады. Әр топта 3-4 адам болады», - деп атап өтті.


Дерек көзі: inform.kz https://www.inform.kz/ru/5-tysyach-nuzhdayuschihsya-semey-poluchat-produkty-pitaniya-v-almaty_a3650236

Соңғы жаңалықтар
02.05.2024 325 0
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!
Толығырақ
26.04.2024 1147 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 3015 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена