Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Алматы облысында «Улы газдан сақтаң!», «Көмек қолы» акциялары ұйымдастырылды.

Алматы облысында «Улы газдан сақтаң!», «Көмек қолы» акциялары ұйымдастырылды.

20.03.2020 1511 0

2020 жылдың 14 наурыз Алматы облысы ТЖД-ң Көксу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен «Жас Отан» Жастар қанаты волонтерлері «Улы газдан сақтаң!», «Көмек қолы» акциялары ұйымдастырылды.


Акцияның мақсаты – еріктілер мен БАҚ-ты тарта отырып үй аралау жұмысын жүргізіп, әрбір тұрғынға, отбасыға «Улы газбен уланудың алдын алу», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылды.

Іс-шара барысында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында облыс аумағындағы аз қамтылған, тұрмысы нашар және көпбалалы отбасылардың үйлері араланды. Аралау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің әртүрлі кемшіліктері анықталды.

Атап айтсақ, бұл пеш мұржаларын бөгде заттармен бітеп қою, қатты отын пайдаланатын пеш есігінің астындағы жанғыш материалдан жасалған еден өлшемі 50х70 см кем болмайтын есік алдында қаңылтырмен қорғалмаған, пештерін мұржасыз пайдалану.

ТЖБ қызметкерлері әр кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып тұрғындарға бұл өте қауіпті екенін жеткізе отырып, «Жалпы өрттің келіп шығу себептері» «Жылу беру маусымында тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау», «Улы газбен уланудың себептері және сақтану шаралары» тақырыптарында арнайы әзірленген жадынамалар таратты.

Алматы облысы ТЖД-ң Көксу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғындардан улы газдан абай болып, келесі қағидаларды ұстануын сұрайды.

Пешті салу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік қағидаларының негізгі бұзушылықтары: өртке қарсы аралық пен аралықты сақтамау, заттар мен дымқыл ағаштарды кептіру, пеш алдындағы металлдан жасалған қаңылтырдың болмауы, пешті жанатын және тез тұтанатын сұйықтықтармен жағу, түтіндіктерді пайда болған ыстан дер кезінде тазаламау, пешті ақтты қыздыру, жанып жатқан пешті қараусыз қалдыру, пеште күйім және жарылулар, қажыған түтіндік, бұзылған пешпен пайдалану, желдету жүйесінің ауа өткізгіштерді түтіндік канал ретінде қолдану.


Соңғы жаңалықтар
05.09.2024 409 0
Қазақстанда қайырымдылық мәдениетінің дамуы
Толығырақ
03.09.2024 286 0
Алматы облысында волонтерлер оқытудан өтті!
Толығырақ
29.08.2024 827 0
«Ашық есік» күнінің қорытындылары!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена