Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Елорда әкімі волонтерлер мен белсенді азаматтарға «Халық Алғысы» медалін табыстады

Елорда әкімі волонтерлер мен белсенді азаматтарға «Халық Алғысы» медалін табыстады

02.10.2020 1262 0

Кездесуде құрамына волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстардың барлық өкілі кіретін бірыңғай платформа құру мәселесі талқыланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің «Инстаграм» парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Қалалықтар пандемия кезінде ұйымшылдық танытты, жақындарына көмектесіп, COVID-19 таралмауына өздерінің үлесін қосты. Волонтерлер бақылау-өткізу бекеттерінде кезекшілік атқарды, дезинфекция жасауға қатысты, жедел штабта да жұмыс істеді. Азаматтарымыздың тұрмысы төмен санаттарына дәрі-дәрмек, азық-түлік пен қорғануға арналған заттарды таратты. Бірлескен еңбектің арқасында жағдайды тұрақтандыра алдық.

Мемлекет басшысы қайырымдылық, волонтерлік ұйымдар және бизнес саласы өкілдерімен онлайн кездесуде қайырымдылық пен волонтерлік пандемия кезінде жалпыұлттық деңгейге жетіп, әлеуметтік нормаға айнала бастағанын айтты. Президент волонтерлік қызметті дамыту, қайырымдылық және меценаттықты қолдау – мемлекеттің ұзақ мерзімді басымдығы екенін атап өтті.

Елбасы бастамасы бойынша құрылған «Біз біргеміз» қоры мыңдаған отбасыға қаржылай көмек көрсетті, қалалықтар жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытты.

Кездесуде құрамына волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстардың барлық өкілі кіретін бірыңғай платформа құру мәселесін талқыладық. Бұл ешкім шет қалмас үшін мұқтаж адамдарға жеке-жеке көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұған қоса бөлінген көмектің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ волонтерлік ұйымдарды дамыту және қолдаудың бірқатар бағыты жайлы сөз қозғадық.

Президент атынан белсенді волонтерлер мен азаматтарға «Халық Алғысы» медалін табыстадым. Осындай қиын кезеңде аянбай еңбек етіп, өзара жәрдемдескендеріңіз үшін алғыс айтамыз», - деп жазды Алтай Көлгінов.


Дереккөз: http://astana.gov.kz/kz/news/news/24659 

Соңғы жаңалықтар
08.12.2025 116 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Толығырақ
06.12.2025 112 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Толығырақ
05.12.2025 160 0
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена