Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Аида Балаева: Біз жастардың қажеттіліктері мен мүдделеріне қарай жұмыс істейтін боламыз

Аида Балаева: Біз жастардың қажеттіліктері мен мүдделеріне қарай жұмыс істейтін боламыз

31.05.2020 1941 0

Аида Балаева: Біз жастардың қажеттіліктері мен мүдделеріне қарай жұмыс істейтін боламыз.НҰР-СҰЛТАН. КАЗИНФОРМ - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева волонтерлердің республикалық штабы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы ЭКСПО аумағында орналасқан Қазақстан жастары конгресінің кеңсесінде болды. Бұл туралы КАЗИНФОРМ ведомствоның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Республикалық жастар ұйымдарының жетекшілерімен кездесу барысында министр жастармен жұмыс жасауда мақсатты және әртүрлі жастағы жас топтарына арнайы әдістерді қолдану және ақпараттандыруды күшейту қажеттілігіне тоқталды. «Біз белгілі бір жастар санатының қажеттіліктері мен мүдделеріне қарай жұмыс істейтін боламыз», - деп А. Балаева ерекше атап өтті. Отырыстың қорытындысы бойынша барлық санаттағы жастардың проблемалық мәселелерін қамтитын жастар жобаларын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Дерек көз: https://www.inform.kz/ru/aida-balaeva-my-budem-rabotat-v-zavisimosti-ot-potrebnostey-i-interesov-molodezhi_a3656059

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3332 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 3085 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2592 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена