Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар 500 волонтерлер Мақтааралдың тұрғындарына көмектеседі

500 волонтерлер Мақтааралдың тұрғындарына көмектеседі

09.05.2020 1230 0

Мақтаарал ауданында төтенше жағдайға байланысты Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының және "Nur Otan" партиясының облыстық филиалының бастамасымен Жастар орталығының жанынан "Біргеміз, Мақтарал" волонтерлер штабы құрылды. Штаб жетекшісі болып Түркістан облысы "Жастар ресурстық орталығы" КММ директоры Амалбек Өміртай бекітілді.

"Қиын жағдайға тап болған Мақтаарал ауданының тұрғындарына 500-ге жуық волонтерлер көмек көрсетуде. Олар сондай-ақ су тасқыны салдарын жоюға қатысады. Олардың 150-ге жуығы тұрақты негізде көмек көрсетеді. Волонтерлерді Жамбыл ауылдық округіндегі №36 жалпы білім беретін мектепте орналастырып, жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалған. Қазіргі уақытта волонтерлер жедел штаб ұйымдастыратын барлық жұмыстарға қатысады. Атап айтқанда, тұрғындарды эвакуациялық пункттерге орналастыру, гуманитарлық көмек жеткізу, оны мұқтаж азаматтар арасында бөлу", – дейді А. Өміртай.

Егер су тасқынына байланысты қауіпсіз аймаққа 31 мыңнан астам азамат эвакуацияланса, онда бұл іске волонтерлер үлкен үлес қосты. Волонтерлер қызметіне "Jas Otan" жастар қанатының мүшелері белсенді түрде қосылды. Эвакуациялық пункттердегі волонтерлер күш құрылымдарының өкілдеріне де көмектеседі. 

"ТЖ-ның алғашқы күндері жергілікті жастар арасынан волонтерлік топтар жалпы ұзындығы 12 шақырым қорғаныс бөгеттерін тұрғызуға қатысты. Сонымен қатар, олар қоғам қайраткерлерімен бірге тұрғындарды тыныштықты сақтауға шақырады", – дейді "Jas Otan" облыстық жастар қанатының төрағасы Жансерік Жұман. Бұдан басқа, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы, "Jas Otan" республикалық жастар қанаты мен волонтерлер ұйымдарынан гуманитарлық көмек түседі. Бүгінгі таңда волонтерлердің күшімен 10 мыңнан астам медициналық маскалар мен антисептикалық құралдар таратылды.

Соңғы жаңалықтар
05.09.2025 85 0
Игі істер марафонына қосылыңыздар!
Толығырақ
02.09.2025 227 0
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды
Толығырақ
30.08.2025 4160 0
«Кішкентай тасбақа өмірімді өзгертті»: эковолонтер Дана Ахметжанова
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена