Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «30 игі іс»: «Жас сарбаз» қатысушылары коммуналдық қызметкерлерге шай мен бауырсақ таратты

«30 игі іс»: «Жас сарбаз» қатысушылары коммуналдық қызметкерлерге шай мен бауырсақ таратты

13.12.2020 1454 0

Бүгін коммуналдық қызметкерлеріне елордалық «Жас сарбаз» қозғалысының мүшелері шай мен бауырсақ таратты. Іс-шара «30 игі іс» акциясы аясында өткізілді.

«Волонтерлар үнемі келіп көмектесіп тұрады. Жігіттер мен қыздарға алғысымызды білдіреміз, бұндай аязды күндері бір шынаяқ шәйдің өзі денеге де жүрекке де жылу сыйлайды», - дейді «Астана Тазалық» ЖШС жұмысшылары.

Айта кету керек, «30 игі іс» акциясы аясында елордалық еріктілер де жалғызбасты зейнеткерлерге қар тазалауға, көмір жеткізуге және үйсіз жануарларға арналған баспанаға жан-жақты көмек көрсетеді.

«Жыл сайын, қыста, қатты аяз немесе боран болсын, тынымсыз жұмыс істейтіндер бар. Олардың жұмысына ризашылық білдіріп, біз осындай акцияны ұйымдастыруды жөн көрдік. Бүгін 60-қа жуық коммуналдық қызметкерлер ыстық шай мен бауырсақ алды», - деді «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының елордалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен эстафета басталды.

Азаматтар оған қосылып, мейірімділік акциясы шеңберінде #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хэштегімен аккаунттарына ақпарат немесе видео орналастыра алады.

Дереккөз: http://astana.gov.kz/kz/news/news/25593 

Соңғы жаңалықтар
08.12.2025 116 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Толығырақ
06.12.2025 112 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Толығырақ
05.12.2025 160 0
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена