Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «30 игі іс»: Мұқтаж жандарға 500-ден астам волонтер көмектесуде

«30 игі іс»: Мұқтаж жандарға 500-ден астам волонтер көмектесуде

30.11.2020 2697 0

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық шаралары өтуде.

Басты мақсат - қала мен оның тұрғындары үшін жақсылық жасау. Іс-шараға еріктілер, ұйымдар және әлемді сәл де болса жарқын етуге ниетті жандардың барлығы қатысуда.

«Қараша айынан бастап «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы еріктілері мұқтаж отбасыларға көмір тасымалдауға көмек, пандемияның алдын алу үшін маска тарату, отбасы үшін үйді жөндеуге көмектесу, зейнет жасындағы адамдарға қыста отын кесуге көмектесу сияқты бірнеше іс-шараларды жүзеге асырды», - дейді Нұр-Сұлтан әкімдігінің «Астана жастары» КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаев.

Еріктілердің жоспарына макулатура жинау, плоггинг, балаларға ағылшын тілін үйрету, жануарларға арналған орынға азық-түлік сатып алу, үйсіздерге тамақ үлестіру, мүмкіндігі шектеулі жандармен серуендеу, қайырымдылық жасау, донорлық және басқа да көптеген игі істер кіреді. Барлық іс-шаралар барысында еріктілер санитарлық нормаларды сақтайды және оларға маскалар мен қолғаптар беріледі.

«Қар шығару, ағаш кесу бойынша көмекке арналған мекен-жайлар тізімі қаланың төрт ауданының ардагерлер кеңесінің өтініштері мен ұсыныстары негізінде жасалады. Бүгінгі таңда еріктілер он бес үйді аралап үлгерді. Бір үйді шамамен 3-5 адам бақылайды. Өтініштерді алғаннан кейін біздің еріктілер жедел көмек көрсетуге дайын», - дейді ерікті Ақұлан Тастемір.

Азаматтар эстафетаға қосылып, өз аккаунттарына #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хэштегтерімен ақпарат немесе видео орналастыра алады.

Дереккөз: http://astana.gov.kz/kz/news/news/25353 

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3191 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 2937 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2477 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена