Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Түркістан облысы Мақтаарал ауданына Алматы облысынан 15 жүк көлігімен 260 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданына Алматы облысынан 15 жүк көлігімен 260 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

29.05.2020 1419 0

📌Түркістан облысы Мақтаарал ауданына Алматы облысынан 15 жүк көлігімен 260 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Оның 120 тоннасы азық-түлік, 140 тоннасы құрылыс материалдары болып табылады.

🔷️Жетісу жұртшылығының ақжолтай аманатымен өңірден 20-ға жуық волонтер жастар келіп, бір апта бойы қалпына келтіру жұмыстарына ат салысты.

Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға, күніне 50 отбасына азық-түлік және өзге де қажетті заттар жеткізді.

Ерікті жастар гуманитарлық көмек жиналған қоймаларға күніне 300-350 тонна азық-түлік, 250 тонна құрылыс заттарын түсірді. Қазіргі таңда мектеп-интернаттарға орналастырылған тұрғындардың, балалардың көңілін аулау мақсатында мультфильм және кино көрсетілім ұйымдастырылып, балаларға тәтті таратылды. 

@amandyk.batalov

@zhetysupress

@turkistan_jastary

 

@zhetysu_zhastary

 

Рамазан айында ауыз бекіткен жандар үшін, 650 адамға арнап ауызашар ұйымдастырылды.

➡️14 мамыр күні қатты жауын әсерінен Түркістан облысының бірнеше ауылдарын су басты. Осы кезде Алматы облысының еріктілері оқиға орнына бірінші болып көмекке келіп, Төле би ауданы, Леңгір қаласы және Киелітас ауылының тұрғындарын эвакуациялау жұмысына қатысып, көмек көрсетті.

 

Дерек көзі: 

Ақпарат https://www.instagram.com/tv/CAfVwDQnJJc/?igshid=1equth4uba337

Видео @zhetysutv @zhetysu_zhastary


Соңғы жаңалықтар
26.02.2026 59 0
Жүрекпен тоқылған жылу: күміс волонтер Елена Коробкованың оқиғасы
Толығырақ
23.02.2026 50 0
Волонтерлік және технологиялар: заманауи технологиялар волонтерлерге волонтерлік қызметті ұйымдастыруда қалай көмектесе алады
Толығырақ
18.02.2026 144 0
Іс жүзіндегі әлеуметтік жауапкершілік: корпоративтік менеджерден белсенді волонтерге дейінгі жол
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена