Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News «Сенің даусың маңызды» — Павлодар қаласының волонтері және ұстаз Анна Пилипенконың хикаясы

«Сенің даусың маңызды» — Павлодар қаласының волонтері және ұстаз Анна Пилипенконың хикаясы

18.06.2025 8950 0

Анна Пилипенко – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, мектептегі бастамашыл топтың үйлестірушісі, Ұлттық волонтерлік желісінің елшісі. Экологиялық, әлеуметтік және білім беру жобаларына қатысып келеді. Оқушылармен, ата-аналармен және әріптестермен бірге мектеп өмірін ғана емес, қоғамды да өзгертуге тырысып жүрген азаматша. Бұл сұхбатта Анна өзінің кішігірім жеңістерімен, ашқан жаңалықтарымен бөлісіп, неге волонтерлік — жай көмек емес екенін айтып беретін болады.

Барлығы үлкен істерге деген ниеттен басталды

Бір сәтте мен тек сыныптағы мұғалім болу жеткіліксіз екенін түсіндім. Істеп жатқан ісің бір белгіні қою үшін емес, шын мәнінде өзгеріс енгізу үшін болуы керек. Қатысу, өз үлесіңді қосу — тіпті ол шағын болса да — шынайы көмек бола алатынын көрдім.

Мен үшін ең маңыздысы — балалар өздерінің маңыздылығын сезінетін кеңістік құру:

«Дауыстары естілетін, әрекет ете алатын, идея ұсынатын, қателесуге құқығы бар, қайтадан тырысып көруге мүмкіндік беретін — және мұның бәрі босқа кетпейтінін сезетін орта».

ЮНИСЕФ-пен волонтерлік тәжірибе: шабыт берген қолдау

Мен үшін ерекше маңызды кезеңдердің бірі — ЮНИСЕФ Қазақстан мен Ұлттық волонтерлік желісі ұйымдастырған Volunteering for Education бағдарламасы болды. Мен тек ағылшын тілі сабағын ғана өткізіп қоймай, волонтерлік топтың жұмысын үйлестірдім.

«Волонтерлер әр оқушының қажеттіліктерін ескере отырып көмек форматтарын өздері таңдады: күрделі тақырыптарды түсіндірді, қосымша тапсырмалар берді, цифрлық платформаларды пайдаланды».

Ең есте қалған сәт — ағылшынша сөйлеуге ұялатын бір оқушымен байланысты:

«Жоба соңында ол өз сыныбы алдында сенімді түрде сөз сөйлеп, жетістігін маған айтып берді. Мұндай шағын жеңістер — мен үшін ең құндысы».

Волонтерлік — ерлік емес

Меніңше, волонтерліктің күші — оның қолжетімділігінде.

«Бұл — ерлік емес. Бұл — қоғам өміріне саналы түрде араласу. Бірдеңе өзгерткің келсе, жоғарыдан бұйрық күтпей, өзің әрекет етуіңе мүмкіндік береді — тіпті ең қарапайым істерден бастау алса да».

Бір ағаш отырғызу, қарттар үйіне бару, жануарлар панасына көмек көрсету — бәрі үлкен істердің бір бөлшегі. «Волонтерлік дегеніміз — біз бірге қоғам үшін маңызды мәселелерді шешетін жол».

Бір кездесу — көзқарасты өзгертті

Менің жүрегіме қатты әсер еткен оқиғалардың бірі:

«Біз балалармен бірге жиі қарт кісілерге барамыз. Бір концерттен кейін бір әже оқушы қызды құшақтап: “Сен менің немереме қатты ұқсайсың. Келгендеріңе рахмет…” деді. Кейін әлгі қыз маған: “Мен бұл жай ғана өнер көрсету деп ойлап едім, енді болса бұл өте маңызды нәрсе болғанын түсіндім” деп айтты».

Бұл сәт маған мына нәрсені еске салды:

«Балалар әрекет еткенде, өз күштерін сезінеді. Олар өзгертетініне, көмектесе алатынына сенеді. Бұл оларды өзгертеді — бұл баға жетпес дүние».

Волонтерлік мені педагог ретінде өзгертті

«Көп өзгердім. Бұрын оқушыларға тек білім беру керек деп ойласам, қазір оларды әлеуеті зор тұлғалар ретінде көремін. Икемдірек, зейіндірек болдым. Бұрын байқамай кеткенді енді көретін болдым».

Волонтерлік маған мектепте де қажет болатын дағдыларды берді.

«Маған ең керегі — мотивациямен, сеніммен жұмыс істеу. Қажет сәтте тыңдай білу, қасынан табылу. Ынталандыру, тапсырма беру, командалық жұмыс — осының бәрін үйрендім».

Балалармен бірге — идеядан іске дейін

Оқушыларды тарту — менің жеке миссиям.

«Мен балаларға әрқашан: сен маңыздысың, сенің әрекеттерің маңызды, сенің дауысың маңызды. Есейгенше күтудің қажеті жоқ — дәл қазір біреуге көмектесе аласың, бір нәрсені жақсарта аласың», – деп айтамын.

Жобалар балалармен бірге туындайды:

“Жасыл мектеп” — шырша отырғыздық, жануарлар панасына жем жинаймыз, қарттар үйінде концерттер мен кездесулер өткіземіз. Балалар өздері идея ұсынады, талқылайды, жүзеге асырады — нәтижесін көреді. Сол кезде олар: “Менің қолымнан келеді. Менің күшім бар. Менің үлесім маңызды” деп түсінеді».

Қиындықтар — жолдың бір бөлігі

Әрине, қиындықсыз болмайды:

«Уақыт жетіспейді, ресурстар жоқ, кейде түсінбеушілік болады. Бірақ мен кішкентай қадамдарға сенемін. Берілмеуге тырысамын, серіктестер іздеймін, ата-аналармен, әріптестермен ақылдасамын».

Мұның кілті — команда. «Бастысы — жалғыз қалмау. Жанында пікірлес адамдар болса, бәрі мүмкін болады».

«Волонтерлік — бұл мейірімді және қамқор қоғамға апарар ортақ жолымыз», — деймін мен.  «Егер барлық ата-анаға, мұғалімдерге, оқушыларға үн қатуға мүмкіндігім болса, былай дер едім: кішкентайдан бастауға қорықпаңыздар. Бір қарапайым әрекет, бір жақсы іс — үлкен өзгерістердің бастамасы бола алады. Кейде дәл сол әрекет біреудің өмірін өзгертеді».

@qazvolunteer.kz

 

Last news
18.06.2025 8948 0
«Сенің даусың маңызды» — Павлодар қаласының волонтері және ұстаз Анна Пилипенконың хикаясы
Read more
16.06.2025 233 0
2025 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурстық өтінімдерді қабылдау басталды
Read more
14.06.2025 180 0
«Игі істер марафоны» аясында 1600-ден астам игі іс жасалды!
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена