Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Тұрақты даму мақсаттары Таза су және санитария
Таза су және санитария

Барлығы үшін су ресурстарының болуын және оларды тиімді пайдалану мен санитарияны қамтамасыз ету.

  •        
  • Қауіпсіз су мен санитарияға қол жеткізу және тұщы су экожүйелерін ұтымды пайдалану адам денсаулығы, экологиялық тұрақтылық пен экономикалық өркендеу үшін үлкен маңызға ие.
  • Әлемнің әр 10 тұрғынының 3-іне қауіпсіз басқарылатын ауыз су көздері қол жетімді емес, ал әр 10 тұрғынның 6-ына санитария қызметтері қол жетімсіз.
  • Дүние жүзінде кем дегенде 892 миллион адам ашық дефекацияны (нәжіс шығаруды) жалғастыруда.
  • Әйелдер мен қыз балалар суға қол жетімсіз үй шаруашылықтарының 80 пайызында су жинауға жауапты.
  • 1990-2015 жылдары жақсартылған ауыз су көздерін пайдаланатын әлем халқының үлесі 76-дан 90 пайызға дейін өсті.
  • Әлем халқының 40 пайыздан астамы үшін су тапшылығы проблемасы өзекті және болжам бойынша ол ары қарай шиеленісетін болады. Қазіргі уақытта 1,7 миллиардтан астам адам су тұтыну мөлшері су қорын толтыру мүмкіндігінен асатын өзен бассейндерінде тұрады.
  • 2,4 миллиард адам дәретханалар немесе жабдықталған шұңқырлар сияқты негізгі санитарлық қызметтерге қол жеткізе алмайды.
  • Адам қызметінің нәтижесінде пайда болған ағынды сулардың 80 пайыздан астамы өзендерге немесе теңіздерге тазартылмай ағызылады.
  • Күн сайын сумен қамту және санитария саласындағы проблемалардан туындаған алдын алуға болатын диареялық аурулардың кесірінен мыңнан астам бала қайтыс болады.
  • Өзендерден, көлдерден және сулы қабаттардан алынған судың шамамен 70 пайызы суару үшін қолданылады.
  • Табиғи апаттардан болатын барлық өлім-жітімнің 70 пайызы су тасқыны мен басқа да су апаттарына байланысты.

6.1 2030 жылға қарай барлық адамдар үшін қауіпсіз және арзан ауыз суға жалпыға бірдей және тең құқықты қолжетімділікті қамтамасыз ету

6.2 2030 жылға қарай әйелдер мен қыз балалардың және осал жағдайдағы адамдардың қажеттіліктеріне ерекше назар аудара отырып, тиісті санитариялық-гигиеналық құралдарға жалпыға бірдей және тең құқықты қолжетімділікті қамтамасыз ету және ашық дефекацияны тоқтату

6.3 2030 жылға қарай судың ластануын азайту, өзен-көлдерге қалдықтардың тасталуын жою және қауіпті химиялық заттар мен материалдар шығарындыларын барынша азайту, тазартылмаған ағынды сулардың үлесін екі есе азайту, рециркуляция ауқымын едәуір ұлғайтып, бүкіл әлемде ағынды суларды қауіпсіз қайта пайдалану арқылы судың сапасын арттыру

6.4 2030 жылға қарай барлық секторларда су пайдаланудың тиімділігін едәуір арттыру, су тапшылығы проблемасын шешу және су тапшылығынан зардап шегетін адамдар санын едәуір қысқарту үшін тұщы суды тұрақты алу мен беруді қамтамасыз ету

6.5 2030 жылға қарай су ресурстарын барлық деңгейлерде, оның ішінде қажет болған кезде трансшекаралық ынтымақтастық негізінде кешенді басқаруды қамтамасыз ету

6.6 2020 жылға қарай сумен байланысты экожүйелерді, оның ішінде тауларды, ормандарды, сулы-батпақты алқаптарды, өзендерді, сулы қабаттарды және көлдерді қорғау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету

6.a 2030 жылға қарай жер үсті ағындарын жинауды, суды тұщыландыруды, суды пайдалану тиімділігін арттыруды, ағынды суларды тазартуды және рециркуляция мен қайта пайдалану технологияларын қолдануды қоса алғанда, сумен қамту және санитария саласындағы қызмет пен бағдарламаларды жүзеге асыруда дамушы елдердің әлеуетін нығайту ісінде халықаралық ынтымақтастық пен қолдауды кеңейту

6.b жергілікті қауымдастықтардың су шаруашылығы мен санитарияны жақсартуға қатысуын қолдау және нығайту

Соңғы жаңалықтар
09.10.2024 277 0
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына онлайн дауыс берудің бірінші кезеңінің нәтижелері жарияланды
Толығырақ
07.10.2024 308 0
Игі істер марафоны 2024» аясында 7 қазан - 15 қазан аралығында Жануарларды қорғауға арналған мейірім апталығы басталғанын хабарлаймыз!
Толығырақ
03.10.2024 477 0
Астанада АӨСШК волонтерлерінің слеты басталды!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена