Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтерлік эмоционалды интеллектіні қалай дамытады

Волонтерлік эмоционалды интеллектіні қалай дамытады

05.11.2025 3873 0

Қазіргі қоғамда «мықты» (hard) дағдылардан көрі, «икемді» (soft) дағдылардың маңызы артып келеді.  Эмпатия, тыңда білу, сабырлық, өзін-өзі басқару және адамдарды түсіну – бұлардың бәрі эмоционалды интеллект ұғымына кіреді. Ал бұл қабілеттерді жетілдіруге арналған ең қолайлы ортаның бірі – волонтерлік.

Эмпатия

Зерттеулер волонтерлердің әдетте жоғары эмпатияға және әлеуметтік түсіністікке ие болатынын көрсетеді. Адам әлеуметті көмекке мұқтаж топтармен: қарттар, балалар, ерекше жандармен немесе экологиялық мәселелермен бетпе-бет келгенде ол жай ғана «көмектесіп» қана қоймайды. Ол әлемді басқаның көзімен көруге машықтанады.

Өзін басқару және күйзеліске төзімділік

Волонтерлік жобаларға қатысу әрқашан өзімізге үйреншікті ортадан шығуды талап етеді: жаңа міндеттер, эмоция тударытын кездесулер, уақытты тиімді пайдалану қажеттілігі. Мұндай сәттерде адамдар өзін-өзі ұстауды және беріктігін – яғни эмоционалды интеллектінің маңызды негіздерін шыңдайды.

Әлеуметтік хабардарлық және қарым-қатынас

Ұйымдасқан волонтерлік қызмет үшін топ болып жұмыс істеу өте маңызды. Волонтерлер келіссөз жүргізуді, басқалардың көзқарасын тыңдап, оны қабылдауды үйренеді. Бұл тікелей Эмоциялық Интеллектінің «әлеуметтік түсіністік» бөлігін дамытады. Deloitte-тің «Human Capital Trends 2024» зерттеуінің дерегіне сүйенсек, корпоративтік волонтерлік бағдарламаларға қатысатын қызметкерлер жұмыс ортасында қарым-қатынас және ынтымақтастық дағдыларының 47%-ға өсуін көрсетеді.

Эмоцияналдық көшбасшылық және сенімділік

Волонтерлік бастамалардың көбі адамдарға әртүрлі міндеттерге, топ мүшелеріне және жобаларға жауапты болуға мүмкіндік береді. Мұндай көшбасшылық ресми лауазымсыз, тек қолдау және қызмет көрсетуге негізделгендіктен, ол бақылаудан көрі эмоционалды интеллектіні күшейтуге ықпал етеді.

Өзін-өзі тану және ішкі тепе-теңдік

Тұрақты түрде волонтерлікпен айналысу адамның алаңдатушылығын басып, өмірге деген қанағаттану сезімін арттырады. Себебі, эмоционалдық интеллект-бұл басқаларды түсінумен қатар, өзіңнің кім екеніңді де тану. Волонтерлік тәжірибе басымдылықтарды қайта қарауға, ортақ іске қосқан үлесіңді сезінуге және жан тыныштығын орнатуға көмектеседі.

Эмоцияналды интеллект дайындық курстарында емес, нақты өмірлік қарым-қатынастарда шыңдалады. Волонтерлік – бұл адамның сезімді түсініп, оған сай әрекет етуді үйренетін «әлеуметтік зертхана». Біз эмпатия мен өзін-өзі тануды дамыту арқылы тек басқаларға көмектесіп қана қоймай, жетілген, берік және адамгершілігі мол тұлға болып қалыптасамыз.

@qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
11.02.2026 424 0
Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды
Толығырақ
30.01.2026 273 0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Волонтерлер форумында сөйлеген сөзі
Толығырақ
29.01.2026 278 0
Жастар, экология және төтенше жағдайлар кезіндегі көмек: Қазақстандағы волонтерлік өмірі
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена