Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Тұрақты даму мақсаттары Жақсы денсаулық және әл-ауқат
Жақсы денсаулық және әл-ауқат

Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлығына кезкелген жаста сау болуына ықпал ету.

Барлық адамдар үшін салауатты өмір салтын ұстануды және амандықты қамтамасыз етуді жүзеге асыру - тұрақты даму күн тәртібінің маңызды бөлігі болып табылады. Ең кедей халық топтарына қолжетімді медициналық қызметтер, денсаулықты жақсартуға бағытталған білім беру, қауіпсіз ауызсумен қамтамасыз ету және санитария арқылы аурулардың алдын алу қажет.

Барлық жастағы адамдар үшін салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және амандыққа жәрдемдесу өркендеген қоғам құрудың маңызды шарты болып табылады. Соңғы жылдары елеулі жетістіктерге қол жеткізілді: 1990 жылдан 2015 жылға дейін дүниежүзі бойынша бес жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім-жітім коэффициенті екі еседен астам қысқарды; 2000 жылдан 2013 жылға дейінгі аралықта қызылшаға қарсы екпе 15,6 миллионға жуық өлімнің алдын алды; 2014 жылы дүниежүзі бойынша босанулардың 71 пайыздан астамы білікті медициналық қызметкерлердің бақылауымен өтті (1990 жылы бұл көрсеткіш 59 пайызды құраған).

Осы айтарлықтай жетістіктерге қарамастан, денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділік саласындағы теңсіздік әлі де сақталуда. СПИД/ВИЧ, безгек, туберкулез, жұқпалы және жұқпалы емес аурулар, су арқылы таралатын дерттер әлі де өзекті болып отыр. Әлем денсаулық сақтау саласында бұрын-соңды болмаған жаһандық дағдарысты бастан кешуде - COVID-19 адамзаттың азабын күшейтіп, жаһандық экономиканы әлсіретіп, миллиардтаған адамдардың өмірін түбегейлі өзгертті.

      2030 жылға қарай ана өлімінің жаһандық коэффициентін 100 000 тірі туғандарға шаққанда 70-тен кем жағдайға дейін төмендету.

      2030 жылға қарай жаңа туған нәрестелер мен 5 жасқа дейінгі балалардың алдын алуға болатын өлім-жітімін тоқтату керек, бұл ретте барлық елдер неонаталдық өлім-жітімді 1000 тірі туғандарға шаққанда 12-ден аспайтын, ал 5 жасқа дейінгі өлім-жітімді 1000 тірі туғандарға шаққанда 25-тен аспайтын жағдайға дейін азайтуға ұмтылуы тиіс.

      2030 жылға қарай тиісті көңіл бөлінбейтін ЖИТС, туберкулез, безгек және тропикалық аурулардың індеттерін тоқтатып, гепатитке, су арқылы берілетін ауруларға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы күресті қамтамасыз ету.

      2030 жылға қарай психикалық денсаулық пен саулықты сақтау арқылы инфекциялық емес аурулардан болатын мезгілсіз өлімді үштен бірге азайту.

      Психоактивті заттарға тәуелділіктің, оның ішінде есірткі мен алкогольді теріс пайдаланудың алдын алу мен емдеуді жақсарту.

      2020 жылға қарай бүкіл әлемде жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім мен жарақат санын екі есе азайту.

      2030 жылға қарай отбасын жоспарлау, ақпараттандыру және ағарту жөніндегі қызметтерді қоса алғанда, сексуалдық және репродуктивті денсаулықты сақтау жөніндегі қызметтерге және ұлттық стратегиялар мен бағдарламаларда репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелерін есепке алуға жалпыға бірдей қол жетімділікті қамтамасыз ету.

      Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды, оның ішінде қаржылық тәуекелдерден қорғауды, сапалы негізгі медициналық-санитариялық қызметтерге қол жетімділікті және барлығына қауіпсіз, тиімді, сапалы және арзан негізгі дәрілер мен вакциналарға қол жетімділікті қамтамасыз ету.

      2030 жылға қарай қауіпті химиялық заттар мен ауаның, судың және топырақтың ластануы мен улануының салдарынан өлім мен аурудың саны едәуір азайту.

      Қажет болған жағдайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясын барлық елдерде жүзеге асыруды жандандыру.

      Дамушы елдерге бірінші кезекте әсер ететін инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды емдеуге арналған вакциналар мен дәрілік препараттарды зерттеуге және әзірлеуге жәрдем көрсету,

      «ТРИПС және қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі келісім» Доха декларациясына сәйкес дамушы елдердегі халықтың денсаулығын қорғау мақсаттары үшін икемділік көріністеріне қатысты Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімнің ережелерін толық көлемде пайдалану құқығы расталатын қымбат емес негізгі дәрілер мен вакциналардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, атап айтқанда, барлығына дәрі-дәрмектерге қолжетімділікті қамтамасыз ету.

      Денсаулық сақтауды қаржыландыруды және дамушы елдерде, әсіресе, даму жағынан неғұрлым төмен елдерде және шағын аралдық дамушы мемлекеттерде медициналық кадрларды іріктеуді, дамытуды, кәсіптік даярлауды және кадрларды ұстап қалуды айтарлықтай ұлғайту.

      Барлық елдердің, әсіресе дамушы елдердің денсаулық үшін ұлттық және жаһандық тәуекелдерді ерте ескерту, тәуекелдерді азайту және реттеу саласындағы әлеуетін арттыру.

      Соңғы жаңалықтар
      06.10.2025 120 0
      Достар, тамаша жаңалық!
      Толығырақ
      28.09.2025 3138 0
      Өзгерістер кішкентай қадамдардан басталады
      Толығырақ
      26.09.2025 4116 0
      Ізгілікке әрқашан уақыт табылады
      Толығырақ
      Әлеуметтік желілерде оқыңыз
      Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
      Спасибо! ваша заявка отправлена