Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Тұрақты даму мақсаттары Құрлық экожүйелерін сақтау
Құрлық экожүйелерін сақтау

Құрлықтың экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды оңтайлы пайдалануға жәрдемдесу, орманды оңтайлы пайдалану, шөлге айналуға қарсы күрес, жердің тозуы үдерісін тоқтату және кері бұру және биологиялық алуан түрліліктен айырылу үдерісін тоқтату.

                    Ормандар

                    Шамамен 1,6 миллиард адам, оның ішінде 70 миллион байырғы халық өкілдері, өз күнкөрісін орманнан табады.
                    Ормандарда құрлықтағы жануарлар, өсімдіктер мен жәндіктер түрлерінің 80 пайыздан астамы мекендейді.
                    2010–2015 жылдары шамамен 3,3 миллион гектар орман алқаптары жойылды. Бұл осы ресурстарға тәуелді ауыл әйелдерінің өміріне әсер етті.

                    Шөлейттену

                    2,6 миллиард адам тікелей ауыл шаруашылығына тәуелді, алайда ауыл шаруашылығы жерлерінің 52 пайызы орташа немесе қатты деградацияға ұшыраған.
                    Жыртылатын жердің жоғалуы бұрынғыдан 30–35 есе көп.
                    Қуаңшылық пен шөлейттену салдарынан жыл сайын 12 миллион гектар жер (минутына 23 гектар) жоғалады, онда 20 миллион тонна астық өсіруге болар еді.
                    Жердің тозуы әлемдегі кедей халықтың 74 пайызына тікелей әсер етеді.

                    Биологиялық әртүрлілік

                    Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі күш-жігер әлі де болса браконьерлік пен жабайы жануарлар мен өсімдіктердің заңсыз саудасы арқылы әлсіреуде. Сарапшылардың бағалауы бойынша, мұндай заңсыз сауда шамамен 120 елді қамтиды және 7 мың түрді құрайды.
                    Белгілі 8 300 жануар түрінің 8 пайызы жойылып кеткен, ал 22 пайызы жойылу алдында тұр.
                    80 мыңнан астам ағаш түрінің ішінде 1 пайыздан азы ғана әлеуетті қолданылуы тұрғысынан зерттелген.
                    Әлемдегі 3 миллиард адамға қажетті жануар ақуызының 20 пайызы балықтан алынады. Теңіздік ауланымның 30 пайызы небәрі 10 түрге, ал аквакультура өндірісінің 50 пайызы тағы 10 түрге тиесілі.
                    Адам рационының 80 пайыздан астамы өсімдіктерден тұрады. Калорияның 60 пайызы небәрі үш дақылдан — күріш, жүгері және бидайдан келеді.
                    Дамушы елдердің ауыл халқының шамамен 80 пайызы дәрілік шөптер мен өсімдіктерге негізделген дәстүрлі медицинаны қолданады.
                    Микроағзалар мен омыртқасыздар экожүйенің қызметінде негізгі рөл атқарады, бірақ олардың маңызы әлі толық зерттелмеген және мойындалмаған.
                    Құрғақ аймақтардағы жердің тұрақты деградациясы 3,6 миллиард гектар аумақтың шөлейттенуіне әкелді.
                    Жердің тозуы әлемдегі кедей халықтың 74 пайызына тікелей әсер етеді.

                     

                    15.1 2020 жылға қарай халықаралық келісімдерден туындайтын міндеттемелерге сәйкес жерүсті және ішкі тұщы су экожүйелері мен олардың қызметтерін, оның ішінде ормандарды, сулы-батпақты алқаптарды, таулар мен қуаң жерлерді сақтауды, қалпына келтіруді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету

                    15.2 2020 жылға қарай ормандардың барлық түрлерін ұтымды пайдалану әдістерін енгізуге жәрдемдесу, орман кесуді тоқтату, тозған ормандарды қалпына келтіру және бүкіл әлемде орман екпелері мен орманды қалпына келтіру ауқымын едәуір кеңейту

                    15.3 2030 жылға қарай шөлейттенуге қарсы күрес жүргізу, шөлейттену, құрғақшылық және су тасқыны әсер еткен жерлерді қоса алғанда, тозған жерлер мен топырақты қалпына келтіру мен бүкіл әлемдегі жердің жағдайын нашарлатпауға тырысу

                    15.4 2030 жылға қарай тұрақты даму үшін қажетті игіліктер беру қабілетін арттыру үшін таулы экожүйелерді, оның ішінде олардың биоалуантүрлілігін сақтауды қамтамасыз ету

                    15.5 Табиғи мекендеу ортаның азып-тозуын тежеу жөнінде маңызды шараларды дереу қабылдау, биологиялық әртүрлілікті жоғалтуды тоқтату және 2020 жылға қарай жойылып кету қаупі төнген түрлердің сақталуын және жойылып кетудің алдын алуды қамтамасыз ету

                    15.6 Генетикалық ресурстарды пайдаланудан түскен игіліктердің әділ бөлінуіне жәрдемдесу және халықаралық деңгейде келісілген шарттарда осындай ресурстарға тиісті қол жеткізуді қамтамасыз етуге ықпал ету

                    15.7 Флора мен фаунаның қорғалатын түрлеріне қатысты браконьерлікті және контрабандалық сауданы тоқтатуға арналған шараларды дереу қабылдау және жабайы табиғаттың заңсыз өнімдеріне деген сұранысқа, сондай-ақ, олардың ұсыныстарына қатысты проблемаларды шешу

                    15.8 2020 жылға қарай бөтен текті инвазиялық түрлердің енуін болдырмау және олардың жер үсті және су экожүйелеріне әсерін едәуір азайту жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ, басым түрлердің санын шектеуді немесе жойылуын болдырмау жөнінде шаралар қабылдау

                    15.9 2020 жылға қарай жалпыұлттық және жергілікті жоспарлау мен даму процестері барысында, сондай-ақ, кедейлік ауқымын қысқарту стратегиялары мен жоспарларын әзірлеу кезінде экожүйелер мен биологиялық әртүрлілік құндылығын есепке алуды қамтамасыз ету

                    15.Биологиялық әртүрлілік пен экожүйелерді сақтау және оларды ұтымды пайдалану мақсатында барлық көздерден қаржы ресурстарын тарту және едәуір ұлғайту

                    15.b Орманды ұтымды пайдалануды қаржыландыру үшін барлық көздерден және барлық деңгейлерден көптеген ресурстарды тарту және дамушы елдерге басқарудың осындай әдістерін, оның ішінде ормандарды сақтау және қалпына келтіру мақсатында қолдануға барабар ынталандыру беру

                    15. Браконьерлікпен және қорғалатын түрлердің контрабандалық саудасымен күрес жөніндегі жаһандық күш-жігерді жандандыру, оның ішінде жергілікті халықтың өмір сүру қаражатын экологиялық қауіпсіз түрде алу мүмкіндіктерін кеңейту

                    Соңғы жаңалықтар
                    18.09.2025 38 0
                    Волонтерлік туралы цифрлық арт-музейге қатысуға ашық байқау
                    Толығырақ
                    17.09.2025 65 0
                    «ТАҢДАУ» Республикалық қоғамдық сыйлығына байқау басталды!
                    Толығырақ
                    14.09.2025 86 0
                    Игі істер марафоны жалғасуда!
                    Толығырақ
                    Әлеуметтік желілерде оқыңыз
                    Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
                    Спасибо! ваша заявка отправлена