Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Бағыттар Birgemiz: Sabaqtastyq ҮЕҰ қатысуымен ҚР БҒМ онлайн - алаңында "Балаларды заңмен қарым-қатынаста және қақтығыста әлеуметтендіру " тақырыбына арналған конференцияға қатысты

ҮЕҰ қатысуымен ҚР БҒМ онлайн - алаңында "Балаларды заңмен қарым-қатынаста және қақтығыста әлеуметтендіру " тақырыбына арналған конференцияға қатысты

27.06.2020 840

⚜Бүгін біздің жобамыздың басшылығы вице - министр Бибігүл Амангелдіқызы Асылованың , Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі министрдің кеңесшісі-Раиса Петровна Шер, Бала құқықтары жөніндегі комитеттің өкілдері, Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шетелдік сарапшылар, ҮЕҰ қатысуымен ҚР БҒМ онлайн - алаңында "Балаларды заңмен қарым-қатынаста және қақтығыста әлеуметтендіру " тақырыбына арналған конференцияға қатысты. 🔝🌏

⚜Іс-шара барысында арнайы білім беру мекемелеріндегі девиантты мінез-құлықты балалар мен жастарды әлеуметтендіру мәселелері талқыланды. 👨‍🏫👩‍🎓👩‍⚕️👩‍🔧

⚜Конференция біз үшін жоба туралы тағы бір рет мәлімдеуге және осы санаттағы балалармен жұмыс жасаудың тиімді әдістері туралы айтуға тамаша мүмкіндік болды. 🗨🗨🗨

♻️Жоба жетекшісі Жанна Қасымқызы Қайкенова осы алаңда "Birgemiz, Sabaqtastyq" жалпыұлттық жобасының ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері туралы сөз сөйледі. 💢Келесідей ұсыныстар енгізді: ♻️1. Осындай мекемелердің қызметін жаңғырту, аталған білім беру мекемелерінде кадрларды кәсіби даярлау бойынша жұмысты күшейту. ♻️2. Азаматтық сектормен ортақ күш-жігерді біріктіру, ҮЕҰ күш-жігерін, ресурстарын және тәжірибесін тарту. ♻️3. Мекемелерде тәлімгерлік тәжірибесін дамыта отырып, балалармен жеке жұмысты жандандыру, қиын өмірлік жағдайға тап болған балалармен және жастармен жұмыс жүргізу үшін жаттықтырушыларды, менторларды жиі шақыру.

♻️4."Мастер және оқушы" онлайн-мектебін ұйымдастыру, сондай-ақ карантин кезеңінде осы мекемелерде жұмыс істеу үшін жағдай жасау.

♻️5. Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған әлеуметтік шеберханалар мен әлеуметтік кәсіпкерлік дағдыларын дамыту мүмкіндігін қарастыру. 

Жобаның ұсыныстары ҚР БҒМ және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарының аймақтық басшылары тарапынан жалпыға бірдей қолдау алды.

⚜Конференция қатысушылары Р.П.Шердің алаңның жүйелік негізде жұмысы туралы ұсынысын қолдады, онда біз бар проблемаларды бірлесіп шеше аламыз.📥

⚜Өйткені, көп жағдайда қоғамның өзіне балалардың неге осындай өмірлік жағдайға тап болатыны және балалардың құқық бұзушылығының алдын ала ескертілуі үшін бізге не істеу керек және елімізде мұндай білім беру мекемелері болмас үшін не істей алатынымызды жайлы ойлануымыз керек. Ал бұл балалардың әлеуеті әлеуметтік-пайдалы арнаға бағытталған болған еді!😊😊😊


Весь контент, опубликованный на этой странице по направлениям(направлению) Birgemiz, принадлежит организациям-грантополучателям. Администрация сайта не несет ответственность за размещаемый контент. С уважением, команда Qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
18.11.2024 1105 0
Волонтерліктің түрлері мен бағыттарын бірге талдайық!
Толығырақ
13.11.2024 767 0
Теміртау жастар клубының табысты корпоративтік волонтерлік кейстері
Толығырақ
11.11.2024 1294 0
Волонтерлікті өзекті етуге және басқаларды волонтерлікке қосылуға шабыттандырудың 5 тәсілі
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена