Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Бағыттар Birgemiz: Sabaqtastyq ҚР Білім және ғылым министрлігінің алаңында вице - министр Бибігүл Амангелдіқызы Асылованың төрағалығымен онлайн-кеңес өтті.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің алаңында вице - министр Бибігүл Амангелдіқызы Асылованың төрағалығымен онлайн-кеңес өтті.

26.05.2020 1219

ҚР Білім және ғылым министрлігінің алаңында вице - министр Бибігүл Амангелдіқызы Асылованың төрағалығымен онлайн-кеңес өтті.  Күн тәртібінде: өңірлерде еріктілер қозғалысын дамыту және әлеуметтік мекемелерде тәлімгерлік тәжірибесін енгізу .  Алаңның модераторы болып Республикалық Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша министрдің кеңесшісі Раиса Петровна Шер болды.  Алаңға форумға қатысушыларды жобаның тұжырымдамасымен таныстыру үшін «Kazbrands»ҚҚ президенті және «Birgemiz, Sabaqtastyq!» жалпыұлттық жобасының етекшісі Қайкенова Жанна Қасымқызы шақырылды. Онлайн-алаңға Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басшылары, сондай-ақ барлық өңірлердің әлеуметтік мекемелерінің басшылары шақырылды.

Біз, «Kazbrands» ҚҚ командасы үшін орталық биліктің жоғары ведомствосының алаңында сөз сөйлеп және «Birgemiz, Sabaqtastyq!» жалпыұлттық әлеуметтік  жобасын іске асыру жайлы толық ақпаратпен бөлісу үлкен құрмет.  5 мамыр күні, Раиса Петровна «Тәлімгерлер мен еріктілер мектебінің» ресми ашылуына қатыса отырып, осы жобаға қызығушылық танытып, әлеуметтік мекемелер басшыларының назарын аудару үшін Министрлік алаңда талқылауды ұсынып, және оларды еріктілер жылында маңызды жобаны іске асырушы ретінде «Kazbrands» ҚҚ-мен серіктес болуға шақырды.  Бүгін өткізілген онлайн - кеңестің тиімді жұмысы мен жеделдігі үшін РҚББОӘО-ның ҚР БҒМ үлкен алғысымызды білдіреміз.

Жоба үшін бұл әлеуметтік мекемелер басшыларымен тікелей өзара жұмыс жасау арқылы тәлімгерлер мен еріктілердің жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін үлкен қолдау. Балалар үйлеріндегі балаларға және өмірде қиын жағдайға тап болған жастарға қатысты тәлімгерлікті тұрақты бірге қалай жасау керек.


Весь контент, опубликованный на этой странице по направлениям(направлению) Birgemiz, принадлежит организациям-грантополучателям. Администрация сайта не несет ответственность за размещаемый контент. С уважением, команда Qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
07.04.2025 2098 0
Достар! Марафон жалғасуда!
Толығырақ
02.04.2025 2072 0
Волонтерлер қозғалысының жетекшісімен сұхбат: команданы қалай шабыттандыруға болады
Толығырақ
31.03.2025 437 0
«Игі істер марафонын» қолдап, әлемді бірге жақсылыққа жетелейік!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена