Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Бағыттар Birgemiz: Sabaqtastyq Казипа Мукаметкали Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі,"Этно-дизайнер" атағының иегері,"Құрметті де ардақты дизайнер", ұлттық брендтің «Дәстүр» сыйлығының лауреаты.

Казипа Мукаметкали Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі,"Этно-дизайнер" атағының иегері,"Құрметті де ардақты дизайнер", ұлттық брендтің «Дәстүр» сыйлығының лауреаты.

23.06.2020 1425

⚜Әйелдердің шынайы мақсаты - отбасылық ошақты ұстап, үйде жайлы жағдай жасап, сенімді дос болу деп айтады.👩‍🦰

Бірақ қазіргі таңда әйелдің міндеттері мен рөлдері өте көп, олар үнемі қажырлы еңбек етіп, жетістікке жетіп, шабыттанып отыруы керек!

Осындай ерекше жанмен біздің команданың да кездесу сәті түсті!🤝🏻

⚜Оның есімі - Қазипа Муқаметқали. 26 жыл бойы тігін өнеркәсібімен айналысып, бірнеше жыл бойы көптеген жетістіктерге қол жеткізді:

"Этно-дизайнер" атағы, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, "Құрметті де ардақты дизайнер", ұлттық брендтің «Дәстүр» сыйлығының лауреаты.

Бүгінгі таңда «Казбрандс» қорымен, «Атамекен» АЭС-пен, елорда әкімдігімен белсенді жұмыс істеуде.🌟

⚜Бір рет өзінің шеберханасында болғаннан кейін, сіз ешқашан қолданбалы өнерге бей-жай қалмайсыз. Онда ерекше ұлттық нақыш атмосферасы, ерекше дизайн сонымен қатар үйде қандай да бір жайлылық бар.🏫

⚜Футболканы қалай безендіріп, кешкі сөмкені қалай жасауға болатыны туралы бірнеше бейне сабақ түсірдік.🧥

Қазипа ханым камераның алдында өзін сенімді ұстап, барлық алгоритмді оңай және сабырлы түрде түсіндірді. Әрине! Өйткені, тәжірибесі мол адам. Күн сайын өзінің онлайн-шеберханасында тікелей эфир жүргізеді, ал көп ұзамай сабақтары "Өнерпаз" мектебінде «Birgemiz: Sabaqtastyq» жобасының аясында басталады.📌😊

⚜Түсірілімнен кейін біз сәукеле, шапан, күртешелер мен көкірекшелерді киіп көре отырып, айналадағы сұлулыққа қайран болсақ та, Қазипа ханым жобада тәлімгер болу мүмкіндігіне, әсіресе мұқтаж адамдарға білімін бергені үшін үлкен алғыс айтты!🎥🎤

⚜«Егер менің сабағымнан кейін қиын өмірлік жағдайға тап болған жасөспірімдер мен жастар бірдеңе біліп, пайдалы дағдыға ие болса, болашақта олардың жұмысына айналса, мен бақытты боламын!», - деді біздің мұғалім Қазипа Қалиқызы.😇

⚜Қазипа ханым өзінің тәләмгерлерінің арасында тігін машинасын ойнатып жатыр. 29 жасқа дейінгі жас жігіт немесе қыз, өмірдің қиын жағдайына тап болған кез келген адам жеңімпаз атана алады. Сонымен бірге олар Қазипа ханымның шеберханасында 3 ай бойы тегін оқу мүмкіндігіне ие болады.📜


Весь контент, опубликованный на этой странице по направлениям(направлению) Birgemiz, принадлежит организациям-грантополучателям. Администрация сайта не несет ответственность за размещаемый контент. С уважением, команда Qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
18.11.2024 1105 0
Волонтерліктің түрлері мен бағыттарын бірге талдайық!
Толығырақ
13.11.2024 767 0
Теміртау жастар клубының табысты корпоративтік волонтерлік кейстері
Толығырақ
11.11.2024 1294 0
Волонтерлікті өзекті етуге және басқаларды волонтерлікке қосылуға шабыттандырудың 5 тәсілі
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена