Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Бағыттар Birgemiz: Bilim Бізбен бірге білімді жетілдір!

Бізбен бірге білімді жетілдір!

15.06.2020 1259

Батыс Қазақстан облысында «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасын «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігі іске асыруда. Жобаның негізгі мақсаты - ауылдық елді-мекендердегі орта мектептердің жоғары сынып, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының оқушыларына:

·       ҰБТ-ға дайындық;

·       Ағылшын тілі;

·       Компьютерлік сауаттылық;

·       Құқықтық сауаттылық;

·       Пәндік олимпиада мен ғылыми жобаларға дайындық;

-        бағыттары бойынша волонтерлік көмек көрсету болып табылады.

Атап айтқанда, ауылдық жерлерде орналасқан 1000-нан астам оқушылардың білім беру сапасын 100 волонтер арқылы арттыру жоспарлануда. Жоба аясында сараптамалық кеңес құрылып, кеңестің отырысы өтті.

Сараптамалық кеңес отырысында  арнайы іріктелген волонтерлер шеберлік сағаттары мен семинар-тренингтардан өтіп, ауылдық елді-мекендердегі орта мектептердің жоғары сынып оқушыларына волонтерлік қызмет көрсетуді бастап кетті. Бейіндік пәндер ретінде түлектер таңдаған мамандықтарға байланысты, олар АҚҚ, математика, физика, биология, химия, география, тарих, қазақ тілі және әдебиеті, оқу сауаттылығы, ағылшын  пәндері бойынша білім алып жатыр.

Жалпы, БҚО «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы - волонтерлікке ынталандырып және халықтың азаматтық белсенділігін арттыруды көздейді. Осы тұста, жас ерекшелігі - 18 және одан жоғары, ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілін, оқушыларын компьютерлік және құқықтық сауаттылыққа оқыту, пәндік олимпиада мен ғылыми жобаларға дайындық бойынша еріктілердің ақысыз негізде көмек көрсету мүмкіндігі бар, волонтер болам деушілерді қатарымызға қосылуға шақырамыз.

 

Сұрақтар бойынша:

-        25-04-45;

-        8-747-068-28-08 Самат;

-        8-707-340-41-16 Назерке.


Весь контент, опубликованный на этой странице по направлениям(направлению) Birgemiz, принадлежит организациям-грантополучателям. Администрация сайта не несет ответственность за размещаемый контент. С уважением, команда Qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
17.06.2026 1820 0
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды
Толығырақ
12.06.2026 2035 0
Волонтерлік арқылы soft skills дамыту: болашақты өзгертетін дағдылар
Толығырақ
08.06.2026 1580 0
Волонтерлік бойынша тренерлерге арналған онлайн-тренингтің нәтижелері жарияланды!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена