Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Бағыттар Birgemiz: Sabaqtastyq 12 қазан күні Жаңаөзен қаласында шуақты балаларға арналған пицца дайындау бойынша мастер-класс өткізілді.

12 қазан күні Жаңаөзен қаласында шуақты балаларға арналған пицца дайындау бойынша мастер-класс өткізілді.

13.10.2020 1415

Birgemiz: Sabaqtastyq" өмірлік қиын жағдайға тап болған және балалар үйіндегі балаларға, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы жастарға, қатысты волонтерлердің тәлімгерлік практикасын енгізу жөніндегі әлеуметтік жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында іске асырылуда.

12 қазан күні Жаңаөзен қаласында шуақты балаларға арналған пицца дайындау бойынша мастер-класс өткізілді. Балалар мастер-классқа қатысқанына өте риза, көңілді адамдардың тамаша компаниясында, жақсы уақыт өткізді.

Бізге өткізетін орын ұсынғаны және мастер-классқа өз командасымен белсенді қатысқаны үшін @buycool.kz басқарушысы Нұрланға алғысымыз шексіз.

Батыс өңірінің командасына үлкен алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңыз, оптимизміңіз, мейірімді сөздеріңіз және алтын жүректеріңіз күн шуақты балалар үшін көптеген іс-шаралар өткізуге көмектеседі. Қажет кезде көмек қолын созуға дайын тұратындарыңыз үшін үлкен рахмет, өйткені бастысы — қолдауды сезіну және сізге көмектесетініне сенімді болу. Барлық балаларға, олардың ата-аналарына, тәлімгерлерімізге және еріктілерге жақсылық, зор оптимизм тілейміз! Жасап жүрген игі істеріңіз өздеріңізге еселеніп қайтсын!

Сіздердей үлкен, мейірімді жүректі азаматтарымыз көп болсын!


Весь контент, опубликованный на этой странице по направлениям(направлению) Birgemiz, принадлежит организациям-грантополучателям. Администрация сайта не несет ответственность за размещаемый контент. С уважением, команда Qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
15.03.2026 94 0
Волонтерлер қозғалысы: Қазақстан тәжірибесі әлемге үлгі болуда
Толығырақ
13.03.2026 90 0
«Жануарларды сүйетін әлем»: Неліктен бұл үздік тәжірибелер жинағы – айналамыздағы өмірді өзгерткісі келетін әр адам үшін must-read
Толығырақ
06.03.2026 86 0
Волонтерлерге арналған білім беру платформалары: қайда оқып, дағдыларды дамытуға болады
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена