Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «Жеңіс» жобасы аясында Өскемен қаласының волонтері өзінің жоба туралы пікірімен бөлісуде!

«Жеңіс» жобасы аясында Өскемен қаласының волонтері өзінің жоба туралы пікірімен бөлісуде!

04.03.2023 503 0

Меруерт Утегенова – Өскемен қаласында «Жеңіс» жобасының волонтері.

«Менің есімім Меруерт. Мектеп кезінен бастап волонтер болдым. Апам жүрегіме мейірім ұялатты, әрдайым оның ізгілігін көріп өстім. Үйімізге жақын жерде көкөніс сататын әйелге бәліш пісіріп, ыстық күйінде беретін. Себебі ол далада күн суықта жұмыс істеп, ұлын жалғыз бағатын. Зейнетақысының жартысын көрші үйдің шатырын жөндеуге беруге асықты. Өйткені онда көпбалалы отбасы тұрып, шатырды жөндеуге қаражаттары жетпейтін. Апамды өте жақсы көремін. Сондықтан да болар қарияларға қарым-қатынасым ерекше.

Өскемен қаласында «Жеңіс» жобасын үйлестіруді ұсынған кезде, ойланбастан келістім. Біздің қалада ардагерлер мен тыл еңбеккерлері көп емес. Сондықтан жоба аясында жалғызбасты қарттарды да қамтыдық. «Қарттарымыз – қазынамыз» дегенмен, өкінішке қарай, қазір көптеген егде адамдар күндерін жалғыз өткізеді және қамқорлығымыз бен назарымызды қажет етеді.

Қарт адамдар волонтерлерге әрқашан үлкен ризашылықпен және жылы қарайды. Мен бір таңғажайып атам - Лев Васильевич туралы айтқым келеді. Ол 86 жаста, энергиясы өте көп тыл еңбеккері, смартфонды пайдалануды үйреніп алған. Қазір WhatsApp та қолданады. Онымен бірге суретке түскенімізде, естелік үшін жіберуді өтінді. Бізбен бірге өлең айтып, ән шырқады. Осылайша бәрімізге қуат сыйлап, жігерлендірді.

Рейдтеріміз барысында жаным рахаттанып, демалып қаламын. Себебі алғыс сөздерге құлақ тойып, жылы құшақтармен қауышамыз. Замандастарыма жүрек қалауын тыңдаудан, айналасына жанашырлық танытудан қорықпаса екен дегім келеді. Өміріңізді құлпыртып, түрлі-түсті бояуға көмкеру тек өзіңіздің қолыңызда!».

«Жеңіс» жобасын ұйымдастырушылар - «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ.

Дереккөз: https://www.instagram.com/p/Cp1p2XlIu1R/

Соңғы жаңалықтар
02.05.2024 175 0
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!
Толығырақ
26.04.2024 989 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 2888 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена