Әр ай сайын біз жауап беретін
ең жиі сұрақтардың бірі неге адамдар волонтерлікке келеді. Әркімнің әрқашан
жауаптары әртүрлі, дегенмен олардың ортақ бір түйіні бар - бізді қоршаған
әлемді күннен күнге жақсырақ етуге деген ұмтылыс.
Бүгін біз ұлттық ұйымдардағы волонтерлікке қатысып қана қоймай, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының(ЮНИСЕФ) волонтерлерінің үлкен қозғалысының бір бөлігі болған үш волонтердің тәжірибесімен бөлісетін боламыз.
"Менің атым Айдаралы Мереке.
Мен Жамбыл облысынан, Қаратау қаласынан келдім. Мен қазір 20 жастамын. Мен
шамамен 5 жыл волонтерлік қызметпен айналыстым, оның шамамен 2-2.5-і ЮНИСЕФ пен
Ұлттық волонтерлік желіде өтті. BeKind және BeGreen бағдарламаларында волонтер,
тәлімгер және аудармашы болдым.
Шын мәнінде, мен ағылшын
және түрік тілдерінің аудармашысымын, ал қазір шет тілі мұғалімі (ағылшын және
қытай тілдері) мамандығы бойынша жоғары білім алып жатырмын. Волонтерлік маған
өзімді осы үлкен әлемнің бір бөлігі ретінде сезінуге көмектеседі және мен
әлемге көмек тигізгенімді сеземін. Мен үшін волонтерлік - бұл сіз өзіңіз
жасайтын саналы қадам. Сіз бір нәрсені өзгерте алатыныңызды түсінген кезде,
біреуге көмек көрсете білген кезде, мысалы. Әр түрлі ұйымдар арқасында ортақ
мақсаты, көзқарасы бар адамдар жиналады, соның арқасында олар биік белестерді
бағындыра алатын үлкен, әрі мықты ұжымға айналады.
BeKind жобасына мен агрессорлармен де, буллинг құрбандарымен де
жеке таныс болғандықтан келдім. Болашақ мұғалім ретінде де, мен балаларға қалай
көмектесу керектігін және ең бастысы буллингті қалай алдын алуды білгім келді.
Ал BeGreen жобасы мен үшін маңызды, өйткені жер, экология – ол ата — бабаларымыздан
мұраға қалған жай нәрсе емес. Сондай-ақ, өзімізге қалатын қасиетті мұра. Бұл
пейзаждар, өзендер мен көлдердің барлығы ежелден біздің қазынамыз болған. Мен
келесі ұрпақтардың оларды көргенін және табиғатқа зиян тигізбегенін қалаймын.
BeGreen жобасындағы волонтерлік, ең алдымен, біз студенттер, мектеп оқушылары әлемді өзгертуге, тіпті құтқаруға дайын үлкен қозғаушы, альтруистік күш екенімізді түсіндірді. Оқушылар әрқашан өте белсенді болды, экология үшін не істеп жатқандарымен бөлісті және өз жетістіктері туралы қуана айтты. Бұл маған жарқын болашағымызға сенім берді. Ментор ретінде мен волонтерлерге тәнті болдым. Дербес, жаңалыққа ашық, әрқашан дамуға ұмтылатын жастар кімді таңғалдырмайды? Оқушылар да, ересектер де, студенттер де болды. Олар әлемнің барлық шыңдарын бағындыруға дайын және олар айтқандары мен істегендеріне шын жүректен сенді. Жоба арқылы мен көп жақсы достар, таныстар таптым және, ең бастысы, өзім ұстанатын және басқаларына да үлгі болатын принциптерге үйретті".
"Менің атым Шеметова
Татьяна, 23 жастамын, мен Меркеденмін, бұл Тараз маңындағы шағын ауыл, кейін
Алматыға көшіп келдім, ал қазір бірнеше ай Вьетнамда тұрамын. Мен мұғаліммін,
ағылшын және қытай тілдерін үйретемін.
Менің волонтерлік жолым 2018 жылы "Алматы марафонымен" бірге спорттық жарыстарды ұйымдастыруға қатысудан басталды. Менің бірінші жобаға қатысуым"Волонтер болу деген қалай екен?" өз қызығушылығымды қанағаттандырудан басқа ештеңе емес еді. Сол сәттен бастап өмір бұрынғыдай болмады, ол жаңа, жарқын түстермен ойнады. Мен кез келген жастағы, әртүрлі бэкграундтағы балалардың энергиясы мен ашықтығына таң қалдым. Мен волонтерліктің адамдарға қызмет етудің тікелей, айқын артықшылықтарынан басқа, волонтерлік қызметінің әлі айқын емес артықшылықтары бар екенін түсіндім.
Қысқаша айтқанда, волонтерлік
мен үшін әр түрлі жобаларда баға жетпес тәжірибе жинақтауға, жұмыста және
өмірде маған қажетті дағдыларды игеруге мүмкіндік берді: мәселелерді тез шешу,
икемді болу және іс-қимыл траекториясын өзгерту, командада жұмыс істеу және
көшбасшылық қабілеттерімді көрсету, шығармашылық және ұйымдастырушылық
дағдыларды үйлестіру. Бұл тәжірибе маған жеке тұлға ретінде дамуға көмектесті
және кәсіби, әрі жеке дамуда айтарлықтай күш берді.
Сонымен қатар, волонтерлер
алаңдары нетворкинг үшін тамаша орын. Қызықты тұлғалармен, өз ісінің
мамандарымен, әдеттегі жағдайда кездесуі екіталай адамдармен танысуға мүмкіндік
бар.
Мен bekind жобасының
басталуы туралы білгенімде, өтінімді еш ойланбастан жібердім. Бағдарламаның
негізгі мақсаты буллинг сияқты мәселе туралы хабардарлықты арттыру болды. Бұл менің
мектеп кезімдегі өте кең таралған құбылыс болды және ол кезде не істеу қажет
екені белгісіз болған. Буллингтің куәсі болған кезде қалай әрекет ету керек?
Құрдастарыңыздың үнемі шабуылына ұшыраған кезде кімге жүгіну керек және көмек
сұрау керек пе?
Бұл бағдарламада мен үлкен
құндылықты көрдім, Қазақстан оқушыларына қалай басқаша және қандай шаралар
қолдануға болатынын айтып, жеткізе білу.
Волонтерлер үлкен жұмыс жасады, мектептермен байланыс орнатты, әртүрлі алаңдарда онлайн сабақтар өткізуге келісті, осы сәтте күрделі мәселелерді шешті және оқушылардан кері байланыс жинай отырып, көптеген сабақтарды шебер өткізді.
Командалық жұмыс,
ұйымшылдық және Тинкай, біздің басты идеялық шеберіміз және дизайн менеджеріміз,
мұның артында тұрды.
Біздің волонтерлер ұжымының ішіндегі атмосфера да қатты әсер етті. Бағдарлама аясында алғаш рет кездескен адамдар тез арада ортақ тіл тауып, өздерінің кәсібилігі мен жауапкершілігін көрсетті. Бір-бірін үнемі жігерлендіріп, кеңес беріп, дос болды. Кейбір волонтерлермен мен әлі күнге дейін байланыстамын".
"Менің атым Сарбаева Әсия Ахунқызы. Мен
Маңғыстау облысынан, Ақтау қаласынанмын. Меннің жасым 26. Мен кәсіпкерлер мен халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету
бойынша кеңесші болып жұмыс істеймін.
Маған менің жұмысым өте ұнайды, өйткені мен жаңадан
бастаған кәсіпкерлерге өз бизнестерін құруға көмектесемін. Бүгінгі таңда қандай
мемлекеттік гранттар және жеңілдетілген несиелеу және субсидиялау сияқты
кәсіпкерлік қызметті қолдаудың басқа да шаралары бар екенін бірге табамыз.
Мен екі жыл бұрын волонтерлік қызметпен айналыса
бастадым, содан бері әртүрлі жобаларға қатыстым: BeKind, BeGreen және қазір
BeSafe-ге қатысамын.
Волонтер болу туралы шешім менің өмірімдегі ең күшті шешімім болды. Мен бақыттырақ болдым, менде жаңа достарым және хоббиім бар. Тұтынушылық қатынастар айқын басым болатын әлемде адамдар өздерінің бар нәрселерін бағалауды тоқтатты, қоршаған ортаға деген құштарлықты сезіне бастады. Сол себептерден нәтиже көрініп тұрған экологиялық апаттар және жануарлардың барлық түрлерінің жойылуы. Сен тек алу емес, беру керектігін де волонтер жумысы өте жақсы үйретеді, тепе-теңдікті сақтау үшін бере білу керек.
Мен BeSafe жобасын таңдадым, өйткені мен адамдарға көмектесуді және сол пікірлес адамдармен қоршалғанды ұнатамын. Кейде негізгі жұмыста жұмыс істеу және волонтер болу қиынға соғуы мүмкін. Уақытымды тиімді жоспарлау керек, соның арқасында мен уақытты басқару дағдыларын дамыттым. BeSafe жобасы өте ауқымды, мұнда біз мектеп оқушылары мен мұғалімдерге сабақ өткізе аламыз, әртүрлі тақырыптар бойынша онлайн оқытудан өтіп, адамдармен қарым-қатынас орната аламыз.
Мен өте көп жағымды сезімдермен қалдым,
тәжірибені, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік дамуына көмектесу және оң үлес қосу
мүмкіндігін алдым. Біздің волонтер жұмыс күндеріміз әрқашан өте қызықты, біз
әрқашан бір-бірімізді қолдаймыз. Мен BeSafe жобасының бір бөлігі болғанды жақсы
көремін және жобаға өркендеу мен үлкен өсуді тілеймін!»
Авторы: Александра Крашинина @alexandra.krashinina
Орталық Фронт-офис қызметіне қатысты, Волонтер жылы туралы, жалпыұлттық жобалар туралы немесе волонтерлікке байланысты кез келген басқа мәселелер туралы сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша консультация бере алады. Қоңырау шалу, WhatsApp, Telegram мессенджерлерінде қолжетімді
оказание волонтерской помощи в подготовке к ЕНТ, обучению английскому языку, компьютерной и правовой грамотности страшеклассников средних школ в сельской местности
участие в проекте более 1000 волонтеров из числа преподавателей, студентов и др. Охват обучением не менее 1000 учащихся средних школ сельской местности в каждом регионе
Акмолинская, Алматинская, Актюбинская, Атырауская, Восточно-Казахстанская, Жамбылская, Западно-Казахстанская, Карагандинская, Кызылординская, Костанайская, Мангистауская, Павлодарская, Северо-Казахстанская, Туркестанская области
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров в сферу охраны здоровья, оказанию помощи в уходе за больными, в том числе в хосписах, онкологических диспансерах и др.
открытие 3 центров поддержки волонтеров в сфере охраны здоровья в городах Алматы, Кызылорда, и Петропавловск. Участие в проекте не менее 1000 волонтеров. Выделение не менее 68 грантов для реализации волонтерских идей в сфере здравоохранения
г. Алматы, Кызылординская и Северо-Казахстанская области
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.внедрение практики наставничества волонтерами в отношении детей, находящихся в детских домах, и молодежи, детей, оказавшихся в трудной жизненной ситуации в центрах социального обслуживания системы социальной защиты населения.
создание 3 центров поддержки волонтеров в сфере наставничества в городах Нур-Султан, Шымкент, Атырау. Внедрение практики наставничества, подготовка не менее 50 персональных наставников из числа авторитетных и уважаемых граждан (волонтеров). Привлечение 1000 обученных граждан и волонтеров. Выделение и реализация не менее 68 малых грантов
города Нур-Султан, Шымкент и Атырауская область.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.защита окружающей среды, очистке рек и лесов, посадке деревьев, обучению сортировке мусора.
создание 3 центров поддержки волонтеров в сфере защиты окружающей среды, очистке рек и лесов, посадке деревьев, обучению сортировке мусора в городах.Талдыкурган, Уральск, Костанай. Вовлечение граждан в волонтерскую деятельность в сфере защиты окружающей среды и экологической безопасности, очистке рек и лесов, посадке деревьев, обучению сортировке мусора. 1000 привлеченных волонтеров. Выделение не менее 68 малых грантов.
Алматинская, Западно-Казахстанская, Костанайская области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров по сохранению объектов историко-культурного наследия.
создание 3 центров поддержки волонтеров для привлечения волонтеров к проектам по сохранению объектов историко-культурного наследия в городах Тараз, Караганда, Туркестан. Расширение участия граждан в реализации проектов по сохранению и развитию культурно-исторического наследия, восстановления и сохранения памятников истории, культуры и мемориальных комплексов. Привлечение 1000 граждан и волонтеров к реализации проекта. Выделение не менее 68 малых грантов.
Жамбылская, Карагандинская, Туркестанская области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров в дома престарелых, центры социального обслуживания системы социальной защиты населения.
создание 3 центров поддержки волонтеров в городах Алматы, Актау, Павлодар. 1000 волонтеров окажут помощь организациям социального обслуживания системы социальной защиты населения. Выделение не менее 68 грантов для реализации волонтерских идей в социальной сфере. Выпуск сборника лучших практик волонтерской деятельности в сфере социальной защиты населения.
г. Алматы, Мангистауская и Павлодарская области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.привлечение волонтеров к проектам по поиску пропавших людей, снижению рисков бедствий и ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, в том числе по поиску документов, повествующих о подвигах наших соотечественников в Великой Отечественной войне.
создание 3 центров поддержки волонтеров в сферах ЧС, работы по поиску пропавших людей, в городах Кокшетау, Актобе, Усть-Каменогорск. Расширение участия граждан и волонтерских организаций в поисковых мероприятиях, в том числе документов, повествующих о подвигах наших соотечественников в Великой Отечественной войне, защите населения от чрезвычайных ситуаций. Привлечение 1000 привлеченных волонтеров к реализации проекта. Выделение не менее 68 малых грантов.
Акмолинская, Актюбинская, Восточно-Казахстанской области.
Примечание: в графе «территориальный охват» могут быть указаны только базовые центры реализации проектов, вмесет с тем проекты будут реализован во всех регионах республики.