Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Ақ халаттағы волонтерлер

Ақ халаттағы волонтерлер

15.04.2022 1331 0

Бүкіл әлемде короновирус пандемиясынан кейін әрқайсымыз медициналық қызметкерлеріміздің, дәрігерлердің күнделікті жұмысын бағалай бастадық. Сондай-ақ, cіздерге осыған дейін біз айтқан көптеген адамдар өткен жылы көмекке осы қиын кезеңде қол ұшын берді.

Бүгін біз сіздерге біздің қымбатты дәрігерлер волонтерлер қатарына қосылып, өз білімдерімен қалай бөлісетіні туралы айтқымыз келеді.

Бексаутова Батима Сейтжанқызы медициналық волонтерлік бағыты бойынша волонтерлер туралы біздің волонтерлер айдарының кейіпкері болды. Ол 67 жаста және Жезқазған қаласында тұрады, «ЖезнДенсаулық» ЖШС-де диспансерлік орталығында дәрігер болып жұмыс істейді.

Батима Сейітжанқызы, волонтерлік қызметі қалай басталғанын айтады:

«Менің волонтерлік жолым 2021 жылдың қараша айында басталды. Волонтер ретінде менде аз тәжірибе бар. Мен халыққа, әр балаға көмектесуді, ата-аналарға бір жасқа дейінгі балаларды қалай тамақтандыруды, сондай-ақ емшек сүтінің маңыздылығын, балалардың ерте дамуы туралы, тамақтану, оң ата-аналық және жоспарлы вакцинация туралы түсіндіруді ұнатамын. Қазіргі уақытта волонтерлікпен айналысуды жалғастырамын». 

Батима Сейітжанқызы бөлісетін білімі көп жылдық жұмыс тәжірибесі ғана емес, сонымен қатар әртүрлі білім беру бағдарламаларын өту арқылы өз біліктілігін үнемі арттырудың нәтижесі.

Ол әр адамға алғашқы медициналық көмек көрсету туралы білім қажет екенін көрсететін бір оқиғамен бөлісті.                       

«Түнгі сағат 3-те біреу менің есігімді қатты қағып, айқайлады, жылады. Мен ұйқылы не болып жатқанын түсінбедім және қорқып кеттім. Есікті ашсам, әйел адам тұр, өз үйіне шақырды, баласы ауырып қалып, құрысулар басталған екен. Мен онымен бірге оның пәтеріне жүгірдім, қарасам бала суық, көк, дем алмай жатты, аузын ашып, тілін шығардым, алғашқы көмек көрсеттім, жасанды тыныс жасадым, Реланиум, литикалық қоспа жасадым, бала дем алып, жылай бастады. Жедел жәрдем шақырып, стационарлық емделуге жібердім.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз. Игі іс жасау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз».

Батима Сейтжанқызы кез-келген жаста, сіз дәрігер болып жұмыс істеп, кестеңіз тығыз болса да, волонтер бола алатындығыңыздың жарқын мысалы. Тәжірибесі шабыттандыратын адам.

Естеріңізге сала кетейік, волонтерлердің бұл бағыты жас ерекшелігі бойынша «Күміс волонтерлік» ретінде анықталады.  Бұл бағытта жас, жақсы істерге кедергі емес, керісінше, олардың волонтерлік жұмысында өмірлік тәжірибелері мен дағдылары үлкен көмек көрсетеді.

Авторы: Александра Крашинина

@alexandra.krashinina

Соңғы жаңалықтар
03.01.2025 2238 0
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»
Толығырақ
01.01.2025 491 0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
Толығырақ
27.12.2024 886 0
Қазақстандағы волонтерлік қызметке шолу: сіз білуіңіз керек барлық нәрсе!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена