Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтерлер "Табиғатты өрттен қорғайық" республикалық акциясына қатысуда

Волонтерлер "Табиғатты өрттен қорғайық" республикалық акциясына қатысуда

26.07.2021 926 0

Кез келген өрттің алдын алудың негізі – профилактика шаралары. Нұр-сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуаныш Базарбаев онлайн-брифингте қалада өрттің алдын алу бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлап, өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды, деп хабарлайды Нұр-сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Өрт қауіптілігі кезеңі басталғаннан бері елордалық ТЖ Департаменті үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде.

"Табиғатты өрттен қорғаймыз" республикалық акциясы аясында Нұр-сұлтан қаласы ПД Жол-патрульдік қызметімен, волонтерлермен бірлесіп, Республикалық маңызы бар автожолдарда демалысқа шығатын азаматтарға өрт қауіптілігі кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша кеңес беру бойынша үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылды. Осындай жұмыстар елордалық мәдениет және демалыс саябақтарында да жүргізілді", - деді ТЖД басшысы.

Оның айтуынша, елорда аумағын күн сайын аралаудың арқасында өрттің тұтануына құрғақ шөп пен қамыстың уақтылы шабылмауы әсер ететінін көрсетті.

Өрттердің алдын алу үшін әрбір азамат:

- учаскенің айналасындағы былтырғы құрғақ шөпті өртемеу;

- ашық оттың кез келген көздерін пайдалануда абай болу;

- табиғат аясындағы демалыс кезінде жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастамау, аң аулауда шіріген материалдардан жасалған тығындарды пайдаланбау, алау жақпауға және құрылыстардың жанында қоқысты өртемеу;

- шыны ыдыс пен сынған әйнекті қалдырмау қажет.

"Тағы да еске сала кетейік – өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау, өрт мүмкіндігін жояды және Сіздің өміріңіз бен Сіздің мүлкіңізді сақтайды!"- деп түйіндеді Қуанар Базарбаев.

Дереккөз: https://astana.gov.kz/kz/news/news/28181  

  

Соңғы жаңалықтар
08.12.2025 116 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Толығырақ
06.12.2025 112 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Толығырақ
05.12.2025 160 0
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена