Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтерлік – өмір салты

Волонтерлік – өмір салты

28.07.2025 43 0

Қазіргі заманда волонтерлік қызмет әлеуметтік жауапкершіліктің және саналы азаматтық белсенділіктің ажырамас бөлігіне айналды. Қазақстан жаһандық үрдістерге ілесіп, волонтерлік қызметтің түрлі бағыттарын белсенді түрде дамытып келеді.

Биыл Қазақстанның Ұлттық волонтерлік желісі (ҰВЖ) Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік гранттары аясында екі жылдық жобаларды жүзеге асыруда. Бұл бастамалар экологиялық волонтерлік, төтенше жағдайлар кезіндегі волонтерлік (ТЖ-волонтерлік) және зооволонтерлік бағыттарын дамытуға, сондай-ақ осы салаларда волонтерлік қозғалыстарды қолдаудың тұрақты экожүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Жобалар аясында оқыту семинарлары мен тренингтер, волонтерлік мәдениетті насихаттау бойынша ақпараттық кампаниялар, болашақ волонтерлерге үлгі бола алатын үздік кейстер мен табысты тәжірибелер жинағының шығарылымы, сондай-ақ жергілікті бастамаларды қолдау үшін шағын гранттар байқауы қарастырылған.

Экологиялық волонтерлік

Экологиялық волонтерліктің жарқын мысалы – Green Steppe жобасы. Бұл жоба өзінен бастап әлемді жақсартуға дайын адамдарды біріктіреді. Жобаның миссиясы – қоршаған ортаны қорғау, халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру және белсенді азаматтар үшін инфрақұрылым құру арқылы Қазақстанда экологиялық волонтерліктің тұрақты мәдениетін қалыптастыру.

Green Steppe аясында қоршаған орта мен тұрақты даму бойынша көшбасшылық бағдарламасы іске қосылады. Бұл бағдарлама мектептерде эко-клубтар құруды көздейді. Осылайша, Қазақстанның жаңа буыны экологиялық мәселелерді шешуге белсенді тартылып, балалар мен жасөспірімдерде табиғатқа ұқыпты қарау мәдениеті қалыптасады.

Жоба аясында «Жас климат көшбасшылары» қауымдастығын құруға ерекше назар аударылады. Мұнда белсенді қыз-жігіттер тұрақты даму саласында білім алып қана қоймай, экологиялық өзгерістерге ықпал ете алатын, қоғамдық пікір мен саясатқа әсер ететін көшбасшыларға айналады.

Төтенше жағдайлар кезіндегі волонтерлер: «Аман» жобасы

«Аман» жобасы аясында іске асырылып жатқан ТЖ-волонтерлікті дамыту да аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Бұл бастаманың мақсаты – табиғи апаттар, техногендік апаттар және өзге де дағдарыстық жағдайларға жедел әрекет ете алатын кәсіби және тұрақты волонтерлік қауымдастық қалыптастыру.

Жоба аясында:

·                  Волонтерлерге алғашқы медициналық көмек көрсету және жедел әрекет ету қызметтерімен өзара іс-қимыл негіздері бойынша оқыту өткізіледі;

·                  Қазақстан өңірлерінде волонтерлік жедел топтар құрылады;

·                  Салаға жауапты мемлекеттік органдармен бірлескен оқу-жаттығулар ұйымдастырылады.

Осылайша, елде су тасқыны, орман өрті немесе басқа да төтенше жағдайларда көмекке келуге дайын жаңа азаматтық қоғамның қабаты қалыптасуда.

Зооволонтерлік жобасы

Үшінші бағыт – зооволонтерлік, яғни үйсіз жануарларға көмек көрсету, жануарлар құқығын қорғау және оларды ұстаудың ізгілік жағдайларын жасау. Жоба аясында:

·                  Жануарларға арналған панажайлар мен уақытша ұстау орындарын ұйымдастыру;

·                  Стерилизация және вакцинация жүргізу;

·                  Жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ағартушылық кампаниялар жүзеге асырылады.

Бұл үш бағытты бір ортақ мақсат біріктіреді: азаматтардың волонтерлік қозғалысқа қатысуын арттыру және әр адамның өз еліне үлес қосуына мүмкіндік жасау.

Жобаларға қатысу бойынша сұрақтар туындаса, келесі байланыс нөмірі арқылы хабарласа аласыз: +7 (708) 706-42-42.

Сондай-ақ келесі электрондық пошталарға жаза аласыз:

Экологиялық волонтерлік – greensteppe.kz@gmail.com

ТЖ-волонтерлік – Aman.project.kz@gmail.com

Зооволонтерлік – kazakhstanforanimals@mail.ru

Жобалар жаңалықтарын Instagram парақшасынан бақылаңыз: @qazvolunteer.kz

 

Соңғы жаңалықтар
28.07.2025 36 0
Волонтерлік – өмір салты
Толығырақ
16.07.2025 154 0
Қазақстанда салалық волонтерлікті дамытуға арналған шағын гранттар байқауы жарияланды
Толығырақ
03.07.2025 188 0
Игі істер күнтізбесіндегі тағы бір ерекше күн – 6 шілде – Домбыра күні!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена